Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы өсті. АҚШ валютасының орташа бағамы 4,47 теңгеге қымбаттап, 448,72 теңге болды.
Ұлттық банктің ресми бағамы – 444,16 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Астананың ақша айырбастау орындарында долларды 444,95 теңгеден сатып алып, 451,99 теңгеден сатуға болады. Еуро 489,96 теңгеден сатып алынып, 501,23 теңгеден сатылса, рубльдің сатып алу бағамы – 5,22 теңге, сату бағамы – 5,42 теңге.
Алматының айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 449,05 теңгеден сатып алынып, 451,29 теңгеден сатылып жатыр. Еуро бағамы 492,38-497,10 теңге аралығында болса, рубль 5,19-5,31 теңгеден саудаланады.
Еске салайық, 18 қарашадағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,17 теңгеге өсіп, 444,16 теңге болған еді.