Астана, Алматы және Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы

Ауа райы болжамы. Фото: Depositphotos.com
Ауа райы болжамы. Фото: Depositphotos.com
Алматыда +15, Шымкентте +20, Астанада +7 градусқа дейін жылынады.

19-21 қарашада Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ауа райы әртүрлі болады. Елордада күндіз ауа температурасы біртіндеп жоғарылап, +7 градусқа дейін жетеді. Алматыда жауын-шашынсыз әрі жылы күндер күтілсе, Шымкентте жаңбыр жауып, жел күшейеді. Бұл туралы "Қазгидромет" хабарлады.

19 қарашада елордада күн құбылмалы бұлтты болады, жауын-шашын күтілмейді. Оңтүстіктен секундына 3-8 метр жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы -4…-6, күндіз +1…+3 градус болады.

20 қарашада да жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр болады. Түнде –2…-4, күндіз +3…+5 градус жылы болады.

21 қарашада күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік-шығыстан секундына 5-10 метр жылдамдықпен жел соғады. Түнде -1…-3, күндіз +5…+7 градусқа дейін көтеріледі.

19 қарашада Алматыда күн құбылмалы бұлтты болады. Жауын-шашын жаумайды. Түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Оңтүстік-шығыстан секундына 3-8 метр жылдамдықпен жел соғады. Түнде +2…+4, күндіз +12…+14 градус жылы болады.

20-21 қарашада да жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Оңтүстік-шығыстан секундына 3-8 метр жылдамдықпен жел соғады. Түнде +5…+7, күндіз +13…+15 градусқа дейін жылынады.

Шымкентте 19 қарашада күн құбылмалы бұлтты болып, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын желдің жылдамдығы секундына 8-13 метр болады. Күндіз жел екпіні 15-20 метрге жетеді. Түнде +6…+8, күндіз +18…+20 градус жылы болады.

20 қарашада түнде және таңертең жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан секундына 8-13 метр жылдамдықпен жел соғып, оның екпіні 15-20 метрге дейін жетеді. Түнде +10…+12, күндіз +18…+20 градус болады.

21 қарашада күн құбылмалы бұлтты болып, мезгіл-мезгіл жаңбыр жауады. Желдің жылдамдығы секундына 8-13 метр, екпіні 15-20 метрге дейін күшейеді. Түнде +11…+13, күндіз +18…+20 градус жылы болады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау