АЭБУ ректоры Ғани Нығыметов ғылым және жоғары білім вице-министрі болып тағайындалды

Ғани Нығыметов. Фото: Primeminister.kz
Ғани Нығыметов. Фото: Primeminister.kz
Ол бұған дейін Алматы энергетика және байланыс университетінің ректоры болды.

Үкімет қаулысымен Ғани Нығыметов ғылым және жоғары білім вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің ресми сайтында жазылған.

Ғани Нығыметов 1983 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Монтерей халықаралық зерттеулер институтын (АҚШ), NU оқу орнын бітірген.

Еңбек жолын 2003 жылы Қазақстан жастары конгресінде бастаған.

  • 2007-2009 жылдары – ҚР Үкіметі мен Ұлттық банкінің жанындағы "Ұлттық талдау орталығы" АҚ Мемлекеттік басқару департаментінің талдаушы-сарапшысы, жоба менеджері.
  • 2009-2012 жылдары – "Назарбаев Университеті" АҚ Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры.
  • 2012-2013 жылдары – бас директордың даму жөніндегі орынбасары – "Энергетикалық зерттеулер орталығы" ЖМ Ғылым жөніндегі орталық кеңсесінің директоры, "Nazarbayev University Research & Innovation System" ЖМ бизнесті дамыту жөніндегі бас директоры.
  • 2013-2016 жылдары – "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ президенті.
  • 2016-2017 жылдары – "Стратегиялық бастамалар орталығы" ЖШС атқарушы директоры.
  • 2017-2018 жылдары – "Еуразиялық интеграция институты" ЖШС директоры.
  • 2018-2020 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары, меңгерушісі.
  • 2020-2022 жылдары – Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.
  • 2022-2023 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы.
  • 2023-2024 жылдары – ҚР Парламенті Сенаты Аппараты басшысының орынбасары.
  • 2024 жылдың сәуір айынан бастап қазіргі уақытқа дейін "Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті" КеАҚ ректоры болып жұмыс істеді.
Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау