Алдағы үш күнде Астана, Алматы және Шымкент қалаларында күн райы әртүрлі болады. Елордада түнгі температура -8 градусқа дейін төмендесе, Алматыда күндіз ауа +13 градусқа дейін жылынады. Ал Шымкентте 18 қарашада жаңбыр жауады, деп хабарлайды "Қазгидромет".
Астанада күн салқындайды
17 қарашада елордада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Оңтүстік бағыттан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр болады. Түнде ауа температурасы -6…-8 градус, күндіз +2…+4 градус аралығында сақталады.
18 қарашада да жауын-шашын күтілмейді. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел түнде 3-8, күндіз 7-12 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде -2…-4 градус, күндіз +2…+4 градус болады.
19 қарашада көшпелі бұлт шығып, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Желдің жылдамдығы 5-10 м/с болады. Түнде ауа температурасы -5…-7 градусқа дейін төмендеп, күндіз 0 градус шамасында болады.
Алматыда күн жылынады
Алматыда 17 қарашада көшпелі бұлт шығады. Жауын-шашын болмайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8 м/с болады. Түнде ауа температурасы -2…-4 градус, күндіз +5…+7 градус шамасында болады.
18 қарашада жауын-шашын күтілмейді. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с болады. Түнде ауа температурасы 0…+2 градус, күндіз +9…+11 градусқа дейін көтеріледі.
19 қарашада да күн жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел 3–8 м/с шамасында сақталады. Түнде 0…+2 градус, күндіз +11…+13 градус жылы болады.
Шымкентте жаңбыр жауады
17 қарашада Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 5-10 м/с болады. Түнде ауа температурасы +2…+4 градус, күндіз +14…+16 градус аралығында болады.
18 қарашада таңертең және күндіз жаңбыр жауады. Желдің жылдамдығы 8-13 м/с-қа дейін жетеді. Түнде ауа температурасы +6…+8 градус, күндіз +14…+16 градус болады.
19 қарашада жауын-шашын тоқтайды. Көшпелі бұлт шығып, оңтүстік-шығыстан соғатын жел 8-13 м/с болады. Түнде ауа температурасы +6…+8 градус, күндіз +18…+20 градусқа дейін көтеріледі.