Алматыда ауаны ластайтын көліктерді анықтайтын технология сынақтан өтіп жатыр

Ауаны ластайтын көліктер. Фото: Алматы әкімдігі
Ауаны ластайтын көліктер. Фото: Алматы әкімдігі
Алматы көшелерінде көліктердің зиянды шығарындылары тоқтатпай-ақ өлшенеді.

Алматыда көлік қозғалысы кезінде автомобильдерден бөлінетін зиянды заттардың мөлшерін қашықтан анықтайтын технология сынақтан өткізіліп жатыр. OPUS RSE жүйесі көлікті тоқтатпай-ақ оның пайдаланылған газындағы ластаушы заттардың деңгейін өлшейді. Бұл туралы қалалық Экология және қоршаған орта басқармасының өкілдері мәлімдеді.

Бұған дейін Eco Almaty ЖШС мамандары испаниялық OPUS компаниясымен автомобильдерге қашықтан экологиялық мониторинг жүргізу технологиясын енгізу мәселесін талқылаған.

"Пилоттық сынақ үшін компания қаланың әртүрлі аудандарындағы жолдарға орнатылатын RSD6000 жылжымалы жабдығын ұсынды. Өлшеу жұмыстары екі апта ішінде 12 күн бойы жүргізіледі. Жүйенің көлік қозғалысы әртүрлі қарқынмен жүретін жағдайдағы жұмысын тексеру үшін жабдық күн сайын басқа орынға ауыстырылады. OPUS компаниясының өкілі техникалық қолдау көрсетіп, құрылғыны калибрлеу мен алынған деректердің дұрыстығын тексереді", – делінген хабарламада. 

Пилоттық жоба аяқталған соң мамандар автомобильдерден бөлінетін зиянды заттардың деңгейін талдап, көрсеткіштерді халықаралық деректермен салыстырады. Сонымен қатар қоршаған ортаны шамадан тыс ластайтын көліктерді анықтау критерийлерін әзірлеуге ұсыныс береді. Бұдан бөлек, қалада тұрақты мониторинг жүргізуге арналған жабдықтарды орнатуға болатын орындар белгіленеді.

Жоба нәтижесі технологияның тиімділігін бағалап, оны болашақта Алматыдағы көліктердің экологиялық талаптарға сәйкестігін бақылау үшін қолдану мүмкіндігін анықтауға көмектеседі.

Қала әкімдігінің мәліметінше, қазіргі пилоттық жоба тек зерттеу мақсатында жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, Алматыда шағын және орта бизнес нысандарынан бөлінетін зиянды шығарындыларды азайту жұмыстары жалғасып жатыр.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау