2026 жылғы 1 қазандағы ресми деректер бойынша Қазақстан Республикасы халқының жалпы саны 20 633 529 адамды құрады. Оның ішінде 10 087 417-сі ерлер болса, 10 546 112-сі әйелдер екені тіркелген. Яғни әйелдер саны ерлерге қарағанда 4,55 пайызға немесе 458 695 адамға көп. Ұзақмерзімді динамикада әйелдер мен ерлер санындағы айырмашылықтың баяу болса да, қысқарып келе жатқанын байқауға болады. Он жылдық мерзімде айырмашылық 1 пайызға жуық қысқарған.
Қала мен ауыл халқы санындағы айырмашылық
Ел тұрғындарының басым бөлігі қалалық жерлерде шоғырланған:
- қала халқы: 13 254 158 адам (6 315 796 ер адам және 6 938 362 әйел адам);
- Ауыл халқы: 7 379 371 адам (3 771 621 ер адам және 3 607 750 әйел адам).
Байқағанымыздай, қалаларда әйелдер саны ерлерден басым түссе, ауылдық жерлерде ер азаматтардың үлесі сәл жоғары. Берілген деректер бойынша әйелдер саны ерлерге қарағанда 9,86 пайызға немесе 622 566 адамға көп.
Мегаполистер мен халық ең көп шоғырланған өңірлер
Еліміздегі республикалық маңызы бар үш ірі қаланың халқы төмендегідей:
- Алматы қаласы: 2 392 105 адам (1 111 764 ерлер, 1 280 341 әйелдер);
- Астана қаласы: 1 707 150 адам (803 825 ерлер, 903 325 әйелдер);
- Шымкент қаласы: 1 320 743 адам (639 993 ерлер, 680 750 әйелдер).
Оқи отырыңыз: 15 өңірдегі жалақы сомасы республикалық орташа межеге де жетпейді – Мұрат Әбенов
Облыстар арасында халық саны жөнінен Түркістан облысы көш бастап тұр – мұнда 2 141 409 адам тұрады (оның 545 486-сы қала, 1 595 923-і ауыл тұрғыны). Екінші орында Алматы облысы (1 618 422 адам), ал үшінші орында Жамбыл облысы (1 209 574 адам) тұр. Сондай-ақ Қарағанды облысында халық саны миллионнан асып, 1 130 336 адамға жеткен.
Халық саны ең аз өңірлер қатарында Ұлытау облысы (217 046 адам), Солтүстік Қазақстан облысы (510 181 адам) және Абай облысы (590 160 адам) тіркелген.
Қазақстанда халық саны жыл басынан бері 70 мыңға артты: ең көп өсім қай өңірде байқалды
Балалар мен қарттардың үлесі – 42 пайыз. Қазақстанда еңбекке қабілетті халық саны азайып барады