Эль-Ниньо: Қыста нөсер жауын мен су тасқынының күшею қаупі бар

Эль-Ниньо: Қыста нөсер жауын мен су тасқынының күшею қаупі бар. Фото: Depositphotos.com
Эль-Ниньо: Қыста нөсер жауын мен су тасқынының күшею қаупі бар. Фото: Depositphotos.com
NASA ғалымдары 2026 жылғы Эль-Ниньо құбылысы 1997-1998 жылдардағы тарихи рекордтан асып түсуі мүмкін екенін ескертті

NASA ғалымдары 2026 жылы қарқынды күшейіп келе жатқан Эль-Ниньо құбылысы 1997-1998 жылдардағы тарихи құбылыстан да қуатты болуы мүмкін екенін ескертті. Ол кезде әлемнің көптеген аймағында ауа райы күрт өзгеріп, табиғи апаттар болған. Спутниктік деректер екі кезеңнің арасында айтарлықтай ұқсастық барын көрсетеді. Бұл биылғы қыста жауын-шашынның мол түсуі мен су тасқыны болуы мүмкін деген болжамға негіз болып отыр. Дегенмен құбылыстың нақты салдары әзірге белгісіз, деп жазды Science Daily.

Эль-Ниньо құбылысы. Карта: NASA Earth Observatory/Lauren Dauphin, NASA/JPL-Caltech

2026 жылғы қазанда (оң жақта) Тынық мұхитының экваторлық бөлігінің орталық және шығыс аймақтарында теңіз деңгейі әдеттегіден жоғарылаған. Бұл – Эль-Ниньо құбылысының негізгі белгілерінің бірі. Көрсеткіштер 1997 жылғы қазандағы (сол жақта) жағдайға ұқсайды. Ол кезде спутниктік альтиметрия тарихындағы ең қуатты Эль-Ниньо құбылыстарының бірі тіркелген.

NASA ғалымдары соңғы жылдардағы ең қуатты Эль-Ниньо құбылыстарының бірі қалыптасып келе жатқанын бақылап отыр. Ол әлемнің көптеген аймағында ауа райының күрт өзгеруіне себеп болған 1997 жылғы тарихи көрсеткіштен де асып түсуі мүмкін. Зерттеушілер спутниктерден алынған 35 жылдық деректі пайдаланып, 2026 жылы қалыптасып жатқан құбылысты бұрын-соңды тіркелген ең қуатты кезеңдермен салыстырған. Нәтижесінде олардың арасында айтарлықтай ұқсастықтармен қатар маңызды айырмашылықтар да анықталған.

Эль-Ниньо – Тынық мұхитының экваторлық бөлігінде су температурасы қалыпты деңгейден жоғарылаған кезде пайда болатын климаттық құбылыс. Ол әдетте екі-жеті жыл сайын қайталанады. Мұхиттағы температураның өзгеруі атмосферадағы ауа айналымына әсер етіп, Тынық мұхитынан шалғай жатқан аймақтардың да ауа райын өзгертуі мүмкін.

"Кейінгі жылдардағы ең қуатты Эль-Ниньо құбылыстары 1997-1998 және 2015-2016 жылдары болған. Екеуінің де салдары әлемнің көптеген аймағында сезілді. Индонезия мен Амазония ормандарында жойқын өрттер болып, Африканың оңтүстігінде қатты құрғақшылық пен егін шықпай қалу жағдайлары тіркелді. Ал АҚШ-тағы Оңтүстік Калифорнияда нөсер жауын жауып, жағалауда су тасқыны болды. Енді 2026 жылғы Эль-Ниньо да осындай ірі климаттық құбылысқа айналуы мүмкін. Спутниктік деректер оның бұрынғы тарихи кезеңдермен шамалас деңгейге жететінін көрсетеді", – делінген хабарламада.

Қазіргі Эль-Ниньоның бұрынғы кезеңдерден қаншалықты ерекшеленетінін түсіну үшін ғалымдар мұхит бетінің биіктігін өлшейтін ондаған жылдық спутниктік деректерді зерттеп жатыр.

2026 жылғы Эль-Ниньо 1997-1998 жылдардағы қуатты құбылысқа қарағанда әлдеқайда жылдам күшейген. NASA-ның қазан айындағы спутниктік деректері екі кезеңнің арасында айтарлықтай ұқсастық барын көрсетеді.

Екі жағдайда да Тынық мұхитының батыс және шығыс бөліктеріндегі теңіз деңгейінің айырмашылығы анық байқалады: батыста су деңгейі төмен, шығыста жоғары. Сонымен қатар экватор бойымен Оңтүстік Америка жағалауына дейін созылған әдеттен тыс жылы су аймақтары анықталған.

Бұл ұқсастықтар 2026 жылғы Эль-Ниньоның ауа райына тигізетін әсері 1997-1998 жылдардағы жағдайға ұқсас болуы мүмкін екенін көрсетеді. Ол кезде Калифорния мен АҚШ-тың оңтүстігіндегі басқа да аймақтарда жауын-шашын мол түскен. Сондықтан биылғы қыста да осындай жағдай қайталануы ықтимал.

Эль-Ниньо деген не?

Эль-Ниньо испан тілінен "ұл бала" деп аударылады. Эль-Нино – экваторлық Тынық мұхитының орталық және шығыс бөліктерінде теңіз беті температурасының қалыпты деңгейден жоғарылауынан туындайтын ауа райы құбылысы. Бұл құбылыс экваторлық Тынық мұхитының орталық және шығыс бөліктерін қамтитын әрі Nino 3.4 деп аталатын аймақтағы теңіз суының температурасы белгілі бір деңгейге жеткен кезде басталады. Тынық мұхитындағы теңіз беті температурасының үш айлық орташа көрсеткіші қатарынан бес ай бойы қалыпты деңгейден 0,5 градусқа жоғары болса, Эль-Ниньо жағдайы қалыптасты деп есептеледі.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау