Смартфоннан ұзақ уақыт бас алмау балаға зиян ба? Фин ғалымдары қарсы пікір білдірді

Ббаланың экран алдында қанша уақыт өткізетінінен гөрі, сол уақытта немен айналысатыны маңызды. Фото: informburo.kz
Ббаланың экран алдында қанша уақыт өткізетінінен гөрі, сол уақытта немен айналысатыны маңызды. Фото: informburo.kz
Зерттеушілер экран уақытын толығымен шектеудің орнына, оны дене белсенділігімен және ойлау қабілетін дамытатын басқа да әрекеттермен үйлестіру қажет екенін айтады.

Финляндияда жүргізілген сегіз жылдық зерттеу экран алдында көбірек уақыт өткізетін балалардың жасөспірім шақта ақпаратты өңдеу қабілеті жақсырақ болатынын көрсетті. Бұл нәтиже экран уақыты балалардың дамуына үнемі кері әсер етеді деген кең тараған пікірге қайшы келеді. Зерттеушілердің пайымдауынша, баланың экран алдында қанша уақыт өткізетінінен гөрі, сол уақытта немен айналысатыны маңызды болуы мүмкін. 

Йювяскюля университетінің ғалымдары баланың экран алдында өткізетін уақыты пен ми қызметі арасында күтпеген байланысты анықтады. Олар бала кезінде электронды құрылғыларды көбірек пайдаланған балалардың жасөспірім шақта ақпаратты өңдеу қабілеті жоғарырақ болғанын байқаған. Бұл экран уақыты дамып келе жатқан миға міндетті түрде зиян келтіреді деген түсінікке күмән келтіреді. 

Зерттеу нәтижелері экран алдында өткізетін уақыттың ұзақтығынан гөрі, баланың сол уақытта немен айналысатыны маңызды екенін көрсетеді. Оқу, шығармашылық және мәселені шешуге бағытталған әрекеттер ерекше пайдалы болуы мүмкін. Зерттеушілер экран уақытын толығымен шектеудің орнына, оны дене белсенділігімен және ойлау қабілетін дамытатын басқа да әрекеттермен үйлестіру қажет екенін айтады.

"Зерттеу нәтижелері экран уақыты балалар мен жасөспірімдердің ақпаратты өңдеу қабілетін дамытуға көмектесуі мүмкін екенін көрсетеді. Мұндағы негізгі мәселе – олардың экран алдында немен айналысатыны туралы. Мұғалімдер мен ата-аналар балаларды құрылғылар мен экрандарды белсенді ойлауға, мәселелерді шешуге, шығармашылыққа және білім алуға ынталандыратын мақсатта пайдалануға бағыттауы керек", – дейді Ювяскюля университетінің докторанты Петри Яланко.

Зерттеу нәтижелері Финляндияда балалардың дене белсенділігі мен тамақтануын ұзақ уақыт бойы зерттеп келе жатқан PANIC жобасы аясында жүргізілген сегіз жылдық бақылауға негізделген. Зерттеудің бұл кезеңіне 260 адам қатысқан. Олардың 124-і қыз, 136-сы ұл. Жасөспірім шақтағы бағалау кезінде қатысушылардың орташа жасы 15,8 болған.

Ал когнитивтік қабілеттерді бағалау үшін зерттеушілер CogState тесттер жиынтығын пайдаланған. Бұл – адамның ақыл-ой қызметінің әртүрлі қырларын өлшеуге арналған компьютерлік тесттер. Оның көмегімен оқу, зейін және жұмыс жады тексерілген.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау