2026 жылы Қазақстан Моңғолия, Мьянма және Армениямен бірге алғаш рет Michelin Key қонақүйлерді іріктеу аймағына енді. Бұл іріктеуге жалпы саны 600 қонақүй кірсе, олардың 173-і тізімге алғаш рет қосылған. Алайда қазақстандық қанша қонақүй іріктеуге енгені туралы ақпарат құпия.
Michelin Key іріктеуіне ену – Қазақстан қонақүйлері алдағы уақытта Мишлен жұлдызы алуы мүмкін дегенді білдірмейді. Дегенмен, бұл – бұл осы жолдағы ең алғашқы қадам болып саналады.
Қазақстанда неге Мишлен жұлдызы бар қонақүй не мейрамхана әлі жоқ?
Бұл сұраққа басты жауап – Michelin Guide әзірге Қазақстанды өз қызметінің географиясына енгізген. Ал Michelin Key – гидтің негізгі іріктеуі болып саналмайды.
Сәйкесінше, Қазақстанның билік органдары не қазақстандық қонақүйлер мен мейрамханалар өз бетінше Мишлен жұлдызын алуға өтініш бере алмайды. Дегенмен, сарапшылар Алматы мен Астана қалаларындағы гастрономиялық қызметтің дамуындағы соңғы жетістіктерге баға беріп, болашақта Қазақстан Мишлен жұлдызына ие мейрамханалар мен қонақүйлердің болатынына үміт артып отыр.
Айта кетейік, Michelin Guide – франциялық Michelin компаниясының жобасы. Ол гастрономиялық гид қай елдер мен қалаларда жұмыс істейтінін өзі шешеді. Бұл ретте нарықтың әлеуеті, туристер ағыны, мейрамхана инфрақұрылымы және басқа да факторлар ескеріледі.
Michelin мейрамханаларды анонимді инспекторлар арқылы бағалайды. Олар мекемелерге жасырын түрде барып, тамақ ақысын өздері төлейді. Бағалау кезінде бес негізгі өлшемге назар аударылады:
- өнімдердің сапасы;
- тағам дайындау шеберлігі;
- дәм үйлесімі;
- асүйдің өзіндік ерекшелігі;
- тағам сапасының тұрақтылығы.
Жұлдыз беру туралы шешім қабылданғанға дейін мейрамханаға бірнеше рет баруы мүмкін.
Еске салайық, биыл сәуірде Алматы әкімінің орынбасары Олжас Смағұлов қалада Мишлен жұлдызын алған шетелдік мейрамхана желісінің бірі өз мейрамханасын ашуы мүмкін екенін хабарлаған болатын. Алайда, ол мейрамхана желісінің атауын атаған жоқ.
Қазақстанда гидтер мен қонақүйлердің қызметі қашан реттеледі
Елімізде мейрамханада кешкі ас ішу Жапония мен Қытайдан да қымбаттап кетті