Бас прокуратура Жасанды интеллект жəне цифрлық даму министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің қызметіне кешенді тексеру жүргізіп жатыр. Бұл туралы бас прокурор Берік Асылов құрылтай депутатының сауалына берген жауабында хабарлады.
Ақпараттық қауіпсіздік комитеті дербес деректер жəне оларды қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады. Сәйкесінше, тексеру кезінде дербес деректерді жинаудың, сақтаудың жəне берудің заңдылығы, сондай-ақ азаматтардың құқықтарын қорғау жөніндегі шаралардың толықтығы тексеру барысында мұқият зерделеніп, оларға құқықтық баға беріледі.
Берік Асылов, сондай-ақ, "Яндекс" компаниясы сервистерінің ақауы, Қызылорда облысы Шиелі ауданының білім беру ұйымдары қызметкерлерінің, сондай-ақ Семей қаласы мектептерінің қызметкерлері мен оқушыларының дербес деректерінің ашық жариялануы туралы деректер бойынша Комитетке тексерулер жүргізу туралы талап жолданғанын хабарлады.
Ал бұған дейін Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев "Яндекстің" Қазақстандағы бес компаниясына жоспардан тыс тексерулер жүргізіліп жатқанын хабарлаған болатын. Олар: "Яндекс Казахстан" ЖШС, "Yandex Bastau" ЖШС, "Яндекс. Такси Корп" ЖШС, "Яндекс. Еда Казахстан" ЖШС, "Яндекс LLP" ЖШС. Тексерулер қарашаның соңына дейін жүргізіледі.
"Яндекс" сервисіндегі ақау: Бес компанияға жоспардан тыс тексеру жүргізіліп жатыр
ІІМ жасөспірімдерге әлеуметтік желідегі қауіпсіздік ережелерін еске салды