Ташкенттен Астраханьға жаңа пойыз қатынайды. Оның Қазақстанға не қатысы бар

Ташкенттен Астраханьға жаңа пойыз қатынайды. Фото: informburo.kz
Ташкенттен Астраханьға жаңа пойыз қатынайды. Фото: informburo.kz
Пойыз аптасына бір рет жүреді.

17 желтоқсаннан бастап Ташкент пен Астрахань қалалары арасында №149/150 жаңа халықаралық жолаушылар пойызы қатынай бастайды. Пойыз аптасына бір рет жүреді. Бұл туралы Өзбекстанның Көлік министрлігі хабарлады.

№150 Ташкент – Астрахань пойызы әр бейсенбі сайын сағат 18:00-де Ташкент-Орталық (Ташкент-Солтүстік) вокзалынан жолға шығады. Алғашқы рейс 17 желтоқсанға жоспарланған. Пойыз Астраханьға 2 күн 3 сағат жүріп, сенбі күні сағат 19:00-де жетеді.

Кері бағыттағы №149 пойыз Астрахань қаласынан әр жексенбі сайын сағат 02:01-де аттанады. 20 желтоқсанда Ресейден шыққан пойыз Ташкент-Орталық (Ташкент-Солтүстік) вокзалына сейсенбі күні сағат 04:35-те жетеді.

Жаңа пойыз дәстүрлі бағыт бойынша Қазақстан аумағы арқылы өтеді. Атап айтқанда Қандыағаш пен Ақтөбе арқылы өтіп, одан әрі Ресейдің Илецк, Орынбор және Самара қалаларына бағыт алады.

Әзірге пойыздың Қазақстан аумағындағы нақты аялдамалары және жолаушылардың қай станциялардан мініп-түсе алатыны туралы толық ақпарат жарияланған жоқ.

Жолаушылар билеттерін сату пойыз жөнелтілетін күннен 45 күн бұрын басталады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау