Дүкен маңында әйелге балағат сөз айтқан ер адам жауапқа тартылды

Әйелге тіл тигізген ер адам жауапқа тартылды. Фото: Рolisia.kz
Әйелге тіл тигізген ер адам жауапқа тартылды. Фото: Рolisia.kz
Ертіс ауылында мас ер адам қоғамдық орында балағат сөз айтқаны үшін жазаланды.

Павлодар облысының Ертіс ауылында мас күйде қоғамдық тәртіпті бұзған ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ол дүкендердің бірінің маңында әйелге тіл тигізіп, былапыт сөздер айтқан, деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі. 

Полиция мәліметінше, оқиға Ертіс ауданының Ертіс ауылында болған. Мас күйдегі ер адам дүкен маңында әйелге қатысты балағат сөздер айтып, қоғамдық тәртіп пен жалпыға ортақ мінез-құлық нормаларын бұзған.

Құқық бұзушы ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полиция тұрғындарға ескерту жасады

Тәртіп сақшылары қоғамдық орындарда былапыт сөз айтуға, азаматтарға тіл тигізуге және айналадағыларға құрметсіздік танытуға болмайтынын ескертті.

"Мұндай әрекеттер қоғамдық тәртіпті бұзу болып саналады және заңда белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, Алматыда шағын және орта бизнес нысандарынан бөлінетін зиянды шығарындыларды азайту жұмыстары жалғасып жатыр.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау