"Күштік құрылым қызметкерлері қателік жіберген". Ақорда ҰҚК экс-басшысы Ермек Сағымбаевтың отставкасын түсіндірді

Тоқаев Ішкі істер министрі Ержан Сәденовке қызметтік ескерту жариялады. Фото: Ақорданың баспасөз қызметі
Тоқаев Ішкі істер министрі Ержан Сәденовке қызметтік ескерту жариялады. Фото: Ақорданың баспасөз қызметі
Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ержан Сәденовке қызметтік ескерту жариялады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ермек Сағымбаевты басқа жұмысқа ауысуына байланысты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы лауазымынан босату жөнінде шешім қабылдады, деп хабарлады президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияр. 

"Президент аталған арнайы қызметті реформалау міндетін табысты орындау мақсатында басшылық кадрлардың орнын ауыстыру қажеттігін ескере отырып, осындай шешімге келді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ермек Сағымбаевты қызметтен босату туралы шешім қабылдағанда жемқорлық оқиғасына қатысы бар лауазымды тұлғаларды ұстау жағдайын да ескерді. Президенттің пікірінше, күштік құрылым қызметкерлері қателіктер жіберген. Осыған байланысты Ішкі істер министрі Ержан Сәденовке қызметтік ескерту жарияланды", – деді Айбек Смадияр.  

Оның жазуынша, "Самұрық-Қазына" қоры мен "Қазақстан темір жолы" компаниясы басшыларының ісіндегі коррупциялық сипат еш күмән тудырмайды. Оны тергеу шаралары кезіндегі фигуранттардың әрекеттері растаған. 

"Президент жүргізіліп жатқан тергеу амалдарынан әуел бастан хабардар болды. Мемлекет басшысының жемқорлыққа қарсы күреске қатысты берік ұстанымы өзгермейді. Сондай-ақ бүгін Мемлекет басшысы Ішкі істер министрлігінің басшылық құрамымен жиын өткізді. Президент қызметтік тәртіпті нығайтуды, "Заң мен Тәртіп" қағидатына сай қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты міндеттерді атқару барысында полицияның кәсіби даярлық деңгейін көтеруді тапсырды. Министр Ержан Сәденовке полицияның қатардағы қызметкерлері мен офицерлік құрамы арасында тәрбие жұмыстарын күшейту керек екені айтылды", – деп жазды президенттің баспасөз хатшысы. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау