Алматыда Алма-Арасан көшесінің бір бөлігі бір айға жабылады

Алма-Арасан көшесінің бір бөлігі бір айға жабылады. Фото: Алматы әкімдігі
Алма-Арасан көшесінің бір бөлігі бір айға жабылады. Фото: Алматы әкімдігі
Жол бір айға уақытша жабылады.

Алматыда 23 қарашадан бастап Алма-Арасан көшесінің экологиялық бекеттен "Нұрбота" дүкеніне дейінгі бөлігі бір айға уақытша жабылады. Шектеу тау беткейіндегі қауіпті тастарды түсіру және оны нығайту жұмыстарына байланысты енгізіледі, делінген әкімдіктің хабарламасында. 

Бұл учаскеде тау жыныстарының опырылуы, диаметрі 2,5 метрге дейін жететін ірі тастардың құлауы тіркелген. Мұндай жағдай көлік жүргізушілері мен тұрғындардың қауіпсіздігіне, сондай-ақ жақын маңдағы инженерлік желілерге қауіп төндіреді.

Төтенше жағдайдың алдын алу үшін мамандар қауіпті тастарды бақыланатын тәсілмен төмен түсіріп, аумақтан шығарады. Сонымен қатар тау беткейін нығайту жұмыстары жүргізіледі.

"Жұмыс барысында тұрғындар мен көлік жүргізушілеріне келетін қолайсыздықты барынша азайту көзделген. Мүмкіндігінше, жұмыс кестесі демалыс күндері жол қозғалысына қосымша салмақ түсірмейтіндей етіп жоспарланады. Қауіпсіздік талаптарына байланысты аталған жол учаскесінде көлік қозғалысы уақытша тоқтатылады", – делінген хабарламада.

Тұрғындар мен жүргізушілерден шектеуге түсіністікпен қарап, сапар бағытын алдын ала жоспарлау сұралады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау