Енді шенеуніктердің демалыстағы суретін жарияласаңыз, айыппұл арқалауыңыз мүмкін

Шенеуніктердің демалыстағы суретін жариялағандарға айыппұл салынады. Фото: Depositphotos.com
Шенеуніктердің демалыстағы суретін жариялағандарға айыппұл салынады. Фото: Depositphotos.com
Депутаттар шенеуніктердің жеке өмірін қорғауды ұсынды.

Қазақстанда лауазымды тұлғалардың жеке өміріне қатысты фото және бейнематериалдарды олардың келісімінсіз жариялауға шектеу енгізу ұсынылды. Депутат Максим Рожин шенеуніктердің демалыс кезінде, отбасылық немесе діни іс-шараларда түсірілген суреттері мен видеоларын рұқсатсыз таратуға тыйым салу қажет деп санайды, деп хабарлады 31 арнаның "Информбюро" ақпараттық бағдарламасы.

Алайда бұл шектеу мемлекеттік қызметшілердің қызметтік міндеттерін атқару барысындағы әрекеттеріне қатысты болмауы мүмкін. Мәселен, ресми жиындарда немесе Құрылтай отырысында түсірілген материалдарды жариялау үшін арнайы рұқсат талап етілмейді.

Бұл бастаманы халық қалаулыларының өздері көтеріп отыр. Максим Рожиннің пікірінше, лауазымды тұлғалардың демалыстағы, отбасылық және діни іс-шаралар кезіндегі бейнелерін келісімсіз жариялауға шектеу қойылуы керек. Яғни мемлекеттік қызметшінің қоғамдық қызметі мен жеке өмірінің аражігін ажырату ұсынылып отыр. Бұл ретте ресми іс-шаралар кезінде түсірілген фото мен видеоларды жариялауға тыйым салу көзделмейді.

Заң жобасында қандай айыппұл қарастырылған?

Құрылтай отырысында қаралып жатқан заң жобасы тек лауазымды тұлғалардың емес, кез келген азаматтың бейнесін заңсыз таратуға қатысты жауапкершілікті де қамтиды. Ұсынылып отырған нормаға сәйкес, жеке тұлғаларға 129 мың 750 теңгеге дейін, ал ұйымдарға 865 мың теңгеге дейін айыппұл салынуы мүмкін.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау