Қазақмыс Жамбыл облысында спорт алаңдарының құрылысын қаржыландырды

Жамбыл облысы Шу ауданына қарасты Көкқайнар ауылында жаңа волейбол және баскетбол алаңдары ашылды. Фото: Kazakhmys Telegram арнасы
Жамбыл облысы Шу ауданына қарасты Көкқайнар ауылында жаңа волейбол және баскетбол алаңдары ашылды. Фото: Kazakhmys Telegram арнасы
Жобаны жүзеге асыруға 20 млн теңгеге жуық қаражат бөлінген.

Жамбыл облысы Шу ауданына қарасты Көкқайнар ауылында жаңа волейбол және баскетбол алаңдары ашылды. Спорт нысандары "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС-ның қаржылай қолдауымен салынды, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Компания жобаны жүзеге асыруға 20 млн теңгеге жуық қаражат бөлді.

Спорт алаңдары С. Естемесов атындағы орта мектептің аумағында орналасқан. Олар тек оқушыларға ғана емес, ауыл тұрғындарына да арналған. Оқу уақытында мұнда дене шынықтыру сабағы өткізілсе, сабақтан тыс уақытта ауыл тұрғындары спортпен шұғылданып, бос уақытын белсенді өткізе алады.

Көкқайнар ауылының тұрғындары спорт алаңдарының салынуын көптен күткен еді. Енді ауыл балалары мен жастары ешқайда бармай-ақ, заман талабына сай жабдықталған алаңдарда волейбол және баскетбол ойнайды.

Компания жобаны жүзеге асыруға 20 млн теңгеге жуық қаражат бөлді. Фото: Kazakhmys Telegram арнасы

Жоба аясында алаңдардың негізі дайындалып, арнайы жабын төселді, спорттық жабдықтар орнатылып, айналасы абаттандырылды. Құрылыс жұмысы толық аяқталды.

Жоба "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС мен Жамбыл облысы Шу ауданының әкімдігі арасында жасалған өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум аясында жүзеге асырылды.

Ауылдық елді мекендерде спорт инфрақұрылымын дамыту бұқаралық спорттың кеңінен таралуына ықпал етіп, балалар мен жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік береді. Қазақмыс үшін мұндай жобаларды жүзеге асыру – өзі қызмет ететін өңірлердің әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған жұмыстың бір бөлігі.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау