Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Құрылтайда өткен брифингте Қазақстанда қанша медресе бар екенін және онда не оқытатынын айтты.
"Исламтану, хадистану, теология бағыттары бойынша білім беретін тоғыз медресе бар. Жаңа Конституцияда мемлекетіміз зайырлы екені жазылған. Сонымен бірге білім де зайырлы сипатқа ие. Исламтану, теология, хадистануды, еліміздің дәстүрін, сонымен бірге тарихымызды білетін мамандар қажет болды. Сондықтан кезінде осы мамандықтар ашылды. Мәдениет және ақпарат министрлігі биылдан бастап осы мамандарды даярлау қажеттілігін жоғалтуына байланысты классификатордан алып тастауды ұсынды. Мәселе тамызда өткен ведомствоаралық комиссия отырысында көтерілді. Бұл бірнеше министрліктке ортақ мәселе болғандықтан бақылауда", – деді министр Жұлдыз Сүлейменова.
ҚМДБ сайтында көрсетілген медреселер тізімі:
- "Ақтөбе" медресе-колледжі (Ақтөбе қаласы);
- "Әбу Бәкір Сыддық" медресе-колледжі (Павлодар облысы);
- Сарыағаш медресе-колледжі (Түркістан облысы, Сарыағаш қаласы);
- "Шымкент" медресе-колледжі (Шымкент қаласы);
- Орал медресе-колледжі (БҚО, Орал қаласы);
- "Әбу Ханифа" медресе-колледжі (Алматы қаласы);
- Астана медресе-колледжі (Астана қаласы);
- "Үшқоңыр" медресе-колледжі (Алматы облысы);
- "Һибатулла Тарази" медресе-колледжі (Жамбыл облысы, Тараз қаласы).
Қазақстанда медресе-колледж оқушылары "Алаштану" және "Тұлғатану" пәндерін оқиды
Алматы облысында 19 баланы заңсыз тәрбиелеген діни медресе анықталды