Францияға Шенген визасын алу үшін енді Шымкентте де құжат өткізуге болады

Қазіргі таңда VFS Global виза орталықтары тек Астана мен Алматыда жұмыс істейді. Фото: depositphotos.com
Қазіргі таңда VFS Global виза орталықтары тек Астана мен Алматыда жұмыс істейді. Фото: depositphotos.com
Қазіргі таңда VFS Global виза орталықтары тек Астана мен Алматыда жұмыс істейді.

23 қарашадан бастап Шымкентте Францияға шенген визасын алу үшін құжат өткізуге болады. Бұл туралы Францияның Қазақстандағы елшілігі хабарлады.

Құжат қабылдайтын уақытша пункт Қонаев даңғылы, 15/2 мекенжайындағы Alban бизнес-орталығының алтыншы қабатында, 611-кеңседе орналасады.

Қызмет тұрақты негізде көрсетіледі. Алайда құжат тапсыруға арналған қабылдау күндері мен бос уақыттар алдын ала белгіленіп, VFS Global сайтында жарияланады. Сондықтан өтініш берушілер қабылдауға алдын ала жазылуы керек.

France-Visas платформасында өтініш толтырған кезде құжат тапсыратын орын ретінде Астананы таңдау қажет. Ал қабылдауға жазылғанда Шымкенттегі уақытша пунктке арналған арнайы уақыт аралықтарын белгілеу керек.

Францияға қысқа мерзімді шенген визасын алу үшін 90 еуро консулдық алым төлеу керек. Ал ұзақ мерзімді визалар үшін – 99 еуро. Визалық орталықтың сервистік алымы 28 еуроны құрайды. Қазақстан валютасымен төлесе – 14 049 теңге. Құжат тапсыру кезінде өтініш берушілер стандартты визалық және сервистік алымдардан бөлек, мобильді биометрия үшін қосымша 100 еуро төлеуі керек. Бұл сомаға паспортты курьерлік қызмет арқылы жеткізу ақысы да кіреді. Осылайша өтініш берушінің шығыны 218 еуроны құрайды. Теңгеге шаққанда шамамен 106 мың теңгеден асады.

Виза төлемдері өтініш қабылданбаған немесе қайтарылған жағдайда да қайтарылмайды.

Визалық қызметтің тарифтері VFS Global сайтында жазылған. Ал Шымкенттегі қабылдау күндері мен бос орындар туралы ақпарат та осында жарияланады.

Шымкент әкімдігінің мәліметінше, Франция елшілігімен жасалған жол картасы аясында қалада Францияға виза алуға құжат қабылдау қызметін іске қосу жоспарланған. Қазір Шымкентте Қырғызстан, Франция және Бельгияның құрметті консулдықтары жұмыс істейді. Алдағы уақытта Италия мен Латвия консулдықтарын ашу жоспарланып отыр.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау