Алматы тұрғыны Қытайға 488 миллион теңгенің алтынын заңсыз алып өтпек болған

Қытайға 488 миллион теңгенің алтынын заңсыз алып өтпек болған. Фото: Depositphotos.com
Қытайға 488 миллион теңгенің алтынын заңсыз алып өтпек болған. Фото: Depositphotos.com
"Қорғаста" 5,7 келі алтынды денесіне жасырған ер адам ұсталды.

Алматы қаласының тұрғыны Қытайға 488 миллион теңгеге бағаланған алтынды заңсыз алып өтпек болған. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады.

Ер адам бағалы металды "Қорғас" шекара маңы халықаралық ынтымақтастық орталығы арқылы өткізуді көздеген. Кедендік және шекаралық бақылаудан жасыру үшін ол алтын құймаларын жабысқақ таспамен денесіне жабыстырып алған.

"Алайда кедендік тексеру кезінде заңсыз тасымалданған тауар анықталып, уәкілетті орган қызметкерлері алтынды тәркіледі. Сот талқылауы барысында ер адамның экономикалық контрабанда жасауға оқталғаны дәлелденді", – делінген хабарламада.

Панфилов аудандық сотының үкімімен ол кінәлі деп танылды. Жалпы салмағы 5 келі 764 грамм, құны 488 миллион теңге болатын алтын мемлекет кірісіне айналдырылды.

Айта кетейік, әлемдік футбол жұлдызы, миллиондаған жанкүйердің сүйіктісіне айналған Роналдиньо қазақ баласының тұсауын кесіп, көпшілікті таңғалдырды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау