Қазақстан мен Мальдив аралдары арасындағы рейстер саны екі есе артады

Мальдив аралдары. Фото: Depositphotos.com
Мальдив аралдары. Фото: Depositphotos.com
Мальдив аралдарына ұшатын рейстер саны аптасына 7-ден 14-ке дейін ұлғаяды.

Қазақстан мен Мальдив аралдары арасындағы тұрақты әуе рейстерінің саны аптасына екі есе артады. Тараптар рейстер санын 7-ден 14-ке дейін көбейту туралы келісімге келді, деп хабарлайды ҚР Азаматтық авиация комитеті. 

Бұл мәселе Канададағы Монреаль қаласында өткен ИКАО-ның Әуе көлігі жөніндегі жетінші дүниежүзілік конференциясы аясында талқыланды. Кездесуге ҚР Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева мен Мальдив Республикасы Азаматтық авиация басқармасының төрағасы Абдул Харис қатысты.

Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайту, әуе қатынасы мен туристік байланыстарды дамыту перспективаларын қарастырды.

ҚР Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, келіссөз қорытындысында екі ел тағайындаған әуе тасымалдаушылары орындайтын тұрақты рейстер санын аптасына 7-ден 14-ке дейін ұлғайту жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілген.

"Кездесуде "әуе еркіндігінің" бесінші дәрежелі құқықтарын пайдаланып, рейстер орындау мүмкіндігі де талқыланды. Бұл әуе компанияларына халықаралық бағыттарды ұйымдастыру кезінде қосымша коммерциялық мүмкіндіктерді қарастыруға жол ашады", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, қазақстандық FlyArystan әуе компаниясы Орал – Дубай – Орал бағыты бойынша тікелей рейске билет сатуды бастады. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау