FlyArystan ұшағы Алматыдан Гоаға жете алмай, Дели әуежайына қонды

Алматыдан аттанған FlyArystan ұшағы Гоаға жете алмай, Дели әуежайына қонды. Фото: Depositphotos.com
Алматыдан аттанған FlyArystan ұшағы Гоаға жете алмай, Дели әуежайына қонды. Фото: Depositphotos.com
Бұған техникалық ақаулар себеп болған.

Бүгін, 16 қарашада FlyArystan әуе компаниясының Алматыдан Гоаға бағыт алып ұшқан FS7415 рейсі Үндістандағы Дели әуежайына қонуға мәжбүр болды. Алғаш бұл туралы борт жолаушылары әлеуметтік желіде жазған болатын.

FlyArystan әуе компаниясының Informburo.kz порталына берген жауабына сәйкес, бұған техникалық себептер негіз болған. 

Компания ұшақты Делиден Гоаға 17 қарашада таңғы 03:05-те (Дели уақыты бойынша) аттандыруды жоспарланып отырғанын хабарлады. Әзірге жолаушылар қонақүйге жайғастырылған. 

Сәйкесінше, бүгін Гоадан Алматыға шығуы тиіс болған рейс те кешігеді. Жаңа жоспар бойынша, FS7416 Гоа – Алматы рейсі 17 қарашада Гоа уақыты бойынша 06:45-те аттанады. Бұл рейстің де жолаушыларын компания қонақүйге жайғастырған.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау