Белгілі айтыс ақыны Әсия Беркенова өмірден өтті

Белгілі айтыс ақыны Әсия Беркенова өмірден өтті. Фото интернеттегі ашық дереккөзден алынды
Белгілі айтыс ақыны Әсия Беркенова өмірден өтті. Фото интернеттегі ашық дереккөзден алынды
Ол 76 жаста жалған дүниемен қош айтысты.

Танымал айтыс ақыны, сөз зергері Әсия Беркенова қайтыс болды. Қаралы хабарды ақын Серікзат Дүйсенғазы таратты. 

Әсия Беркенова 1950 жылы 22 сәуірде Қостанай облысы, Әулиекөл ауданының Сұлукөл ауылында дүниеге келген.

1982–1983 жылдары Қостанай облыстық айтыстарында оза шауып, 1984 жылы Алматыда өткен Кенен Әзірбаевтың 100 жылдығына арналған республикалық айтыста бірінші орынды иеленді. 

Әсия Беркенова – Моңғолия, Қытай, Өзбекстан, Қарақалпақстан, Ресей және Қазақстан ақындары қатысқан халықаралық айтыстың жүлдегері. Қазақстанның халық ақыны, «Құрмет» және III дәрежелі «Барыс» ордендерінің иегері.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау