Қазақстандық Qajet такси сервисіне отандық цифрлық карталар енгізілуі мүмкін

Qajet таксиге отандық цифрлық карталар енгізіледі. Фото: Depositphotos.com
Qajet таксиге отандық цифрлық карталар енгізіледі. Фото: Depositphotos.com
Қазақша сөйлейтін Qajet навигаторы жаңа мүмкіндікке ие болады.

Қазақстандық Qajet такси шақыру қосымшасы жаңа мүмкіндіктерге ие болуы мүмкін. Атап айтқанда, сервиске отандық цифрлық карталар мен геосервистерді интеграциялау мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл туралы 17 қарашада Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі хабарлады.

17 қарашада премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтің төрағалығымен жұмыс тобының отырысы өтті. Жиында отандық картографиялық деректер мен геосервистерді Qajet такси шақыру сервисіне интеграциялау мәселесі талқыланды.

Министрлік "Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығының" цифрлық карталары мен геосервистерін коммерциялық мақсатта пайдалану мүмкіндігін қарастырып жатыр.

Ведомствоның мәліметінше, бастаманың негізгі мақсаты – мемлекеттік цифрлық картографиялық деректерді бизнес саласында қолдану және Қазақстанның өз навигациялық технологияларын дамыту. Егер жоба жүзеге асса, Qajet "Қазгеодезияның" цифрлық карталарын пайдалана алады. Бұл сервиске мекенжайларды іздеу, геокодтау және бағыттарды құру мүмкіндіктерін жетілдіруге жол ашуы мүмкін.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау