Шымбұлақ сырғанақ маусымын техникалық режимде ашады

19 қарашада Шымбұлақ тау шаңғысы курорты техникалық режимде жұмысын бастайды. Фото: Shymbulak Mountain Resort
19 қарашада Шымбұлақ тау шаңғысы курорты техникалық режимде жұмысын бастайды. Фото: Shymbulak Mountain Resort
Алғашқы кезеңде шаңғышылар мен сноубордшыларға оқу трассалары қолжетімді болады.

19 қарашада Шымбұлақ тау шаңғысы курорты техникалық режимде жұмысын бастайды. Алғашқы кезеңде шаңғышылар мен сноубордшыларға оқу трассалары қолжетімді болады, деп хабарлады курорттың баспасөз қызметі.

Under Low Season кезеңінде Ақ барыс және Ақ аю оқу трассаларында, сондай-ақ Профессор трассасының төменгі бөлігінде сырғанауға болады.

Бұл уақытта "Үйренуші" арнайы тарифі қолданылады. Ересектер үшін билет құны – 8 мың теңге, балаларға – 5 мың теңге. Бес жасқа дейінгі балалар тегін сырғанайды.

Сонымен қатар Under Low Season кезеңінде Қазақстан резиденттері болып табылатын зейнеткерлер жұмыс күндері тегін сырғанай алады.

Курортта бұл режим шамамен екі аптаға созылады деп күтілуде. Негізгі маусымның және жоғарғы трассалардың ашылу мерзімі қардың түсу көлемі мен қар жамылғысының жағдайына байланысты болады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау