Алдағы үш күнде Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ауа райы әртүрлі болады. Елордада түнде 6 градусқа дейін аяз күтілсе, Алматы мен Шымкентте күндіз ауа температурасы 15-20 градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлайды "Қазгидромет".
Астанада күн салқындайды
18 қарашада Астанада күн құбылмалы бұлтты болып, жауын-шашын жаумайды. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады. Түнде желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр, таңертең және күндіз 9-14 метр болады. Ауа температурасы түнде -4…-6, күндіз +3…+5 градус.
19 қарашада да жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, түнде жылдамдығы секундына 5-10, күндіз 2-7 метр болады. Түнде ауа температурасы -4…-6, күндіз 0 градус шамасында.
20 қарашада күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Жел оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғып, жылдамдығы секундына 5-10 метрге жетеді. Түнде -5…-7, күндіз 0…+2 градус жылы болады.
Алматыда күн жылынады
18 қарашада Алматыда күн құбылмалы бұлтты болып, жауын-шашын болмайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан секундына 3–8 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде +1…+3, күндіз +8…+10 градус болады.
19 қарашада да жауын-шашын күтілмейді. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, жылдамдығы секундына 3-8 метр болады. Түнде ауа температурасы +1…+3, күндіз +11…+13 градусқа дейін көтеріледі.
20 қарашада Алматыда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Жел оңтүстік-шығыстан секундына 3-8 метр жылдамдықпен соғады. Түнде +5…+7, күндіз +13…+15 градус жылы болады.
Шымкентте жаңбыр жауады
18 қарашада Шымкентте күн құбылмалы бұлтты болады. Түнде және таңертең жаңбыр жауып, тұман түсуі мүмкін. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-шығысқа ауысып, секундына 8-13 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде +4…+6, күндіз +15…+17 градус болады.
19 қарашада күн құбылмалы бұлтты болып, күндіз жаңбыр жауады. Жел оңтүстік-шығыстан секундына 8-13 метр жылдамдықпен соғады. Түнде +7…+9, күндіз +18…+20 градус жылы болады.
20 қарашада түнде жаңбыр жауады. Жел оңтүстік-шығыстан секундына 8-13 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде +10…+12, күндіз +18…+20 градусқа дейін көтеріледі.