Футбол жұлдызы Роналдиньо қазақ баласының тұсауын кесті

Роналдиньо қазақ баласының тұсауын кесті. Видео скрині
Роналдиньо қазақ баласының тұсауын кесті. Видео скрині
Роналдиньоның қазақ баласының тұсауын кескен видеосы желіде тарады.

Әлемдік футбол жұлдызы, миллиондаған жанкүйердің сүйіктісіне айналған Роналдиньо қазақ баласының тұсауын кесіп, көпшілікті таңғалдырды. Ерекше салтанат Біріккен Араб Әмірліктерінде өткен. Ал кездесудің қалай ұйымдастырылғанын бүлдіршіннің әкесі әлеуметтік желідегі парақшасында баяндады.

Ең қызығы, 46 жастағы футболшыны бүлдіршіннің өзі таңдаған. Әкесі креативті идеяны жүзеге асыру үшін ұлының алдына түрлі спортшылардың суретін қойып, кімнің суретін таңдайтынын бақылаған. Нәтижесінде баланың таңдауы Роналдиньоға түскен. Баланың әкесі бразилиялық футболшыны әлемдік футболдың символына айналған, өз дәуіріндегі ең үздік ойыншылардың бірі деп сипаттады.

Әкесінің айтуынша, Роналдиньо футболдағы барлық дерлік марапатты иеленген. Сондай-ақ ол бір кездері жас Лионель Мессидің мансабындағы маңызды сәтке куә болып, оның алғашқы голына жол ашқан.

"Ол өз саласындағы барлық марапатты жеңіп алған мықты спортшы. Бір кездері 17 жастағы Лионель Мессиге алғашқы голын соғуына мүмкіндік жасаған еді. Кейін Роналдиньо Мессиге батасын беріп, өзінің 10-нөмірлі жейдесін табыстаған. Артынша Месси де биік белесті бағындырып, ұстазының жетістіктерінен де асып түсті", – деп жазды бүлдіршіннің әкесі.

Ол ерекше ұсынысын қабыл алғаны үшін Роналдиньоға алғыс айтып, жылы лебізін білдірді.

Айта кетейік, Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Мексиканың Монтеррей қаласында отандық өнерпаздармен бірге музыкалық импровизация жасады.
 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау