Өзбекстанда қанша қазақ тұрады және қазақша сөйлейтіндердің үлесі қанша

Өзбекстан халқының саны 40 миллионға жуықтады. Фото: depositphotos.com
Өзбекстан халқының саны 40 миллионға жуықтады. Фото: depositphotos.com
Елдегі жалпы халық саны 39 миллионға жеткен.

2026 жылғы халық санағының алдын ала қорытындысы бойынша, Өзбекстанда 707,3 мың этникалық қазақ тұрады. Сонымен қатар, елде жарты миллионнан астам адам қазақ тілін негізгі қарым-қатынас тілі ретінде көрсеткен. Бұл туралы Өзбекстан Ұлттық статистика комитетінің деректерінен білуге болады.

Өзбекстанда 2026 жылғы қаңтар-ақпан айларында халық санағы жүргізілді. Оның алдын ала нәтижесі бойынша, елдегі халық саны 39,05 миллион адамға жеткен. Ұлттық құрамы жағынан қазақтар төртінші орында тұр.

Статистикаға сәйкес, Өзбекстанда 707 329 этникалық қазақ бар. Бұл – жалпы халықтың 1,8 пайызы. Қазақтар саны жағынан өзбектерден (34,9 млн), тәжіктерден (1,28 млн), қарақалпақтардан (841,4 мың) кейінгі орында.

Қазақтардың ең көп шоғырланған өңірі – Ташкент облысы. Мұнда 335,7 мың этникалық қазақ тұрады. Бұл – облыс халқының 8,9 пайызы. Екінші орында – Қарақалпақстан. Мұнда 236,6 мың қазақ бар. Олар республика халқының 11 пайызын құрайды. Осы екі өңірде Өзбекстандағы барлық қазақтың шамамен 80 пайыздан астамы тұрады. Бұдан бөлек, Науаи облысында 59 мың қазақ (өңір халқының 5 пайызы), ал Ташкент қаласында 43,1 мың қазақ (қала халқының 1,3 пайызы) тұрады. 

Санақ нәтижесі бойынша, Өзбекстанда 561,3 мың адам қазақ тілін негізгі қарым-қатынас тілі ретінде көрсеткен. Бұл – ел халқының 1,4 пайызы. Осы көрсеткіш бойынша қазақ тілі елдегі негізгі тілдердің арасында бесінші орында тұр.

Қазақ тілін негізгі қарым-қатынас тілі деп көрсеткендердің басым бөлігі (277,2 мың адам) Ташкент облысында тұрады. Екінші орында – Қарақалпақстан (167,2 мың адам). Қазақ тілін негізгі қарым-қатынас тілі ретінде пайдаланатын тұрғындардың 79,2 пайызы Ташкент облысы мен Қарақалпақстанда шоғырланған.

Айта кетейік, санақтың жарияланған нәтижелері әзірге алдын ала мәліметтер болып саналады. Ұлттық құрамы туралы деректер тұрғындардың өзін-өзі қай ұлтқа жатқызатынына негізделген. Ал негізгі қарым-қатынас тілі туралы көрсеткіш адамның ұлтын немесе өзге тілдерді меңгеру деңгейін білдірмейді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау