16 қарашада әлеуметтік желілерде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті студентінің қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады. Университеттің баспасөз қызметі бұл мәліметті растады.
Оқу орнының ресми мәлімдемесінде География және табиғатты пайдалану факультетінің бірінші курс студентінің мезгілсіз қайтыс болуына байланысты марқұмның ата-анасы мен жақындарына көңіл айтылған.
"Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұжымы География және табиғатты пайдалану факультетінің бірінші курс студентінің мезгілсіз қайтыс болуына байланысты ата-анасы мен туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады. Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау үшін құқық қорғау органдары тексеру жүргізіп жатыр. Университет жағдайды объективті қарастыруға жан-жақты көмек көрсетіп жатыр", – делінген хабарламада.
ҚазҰУ басшылығы мен ұжымы қайтыс болған студенттің отбасына қажетті материалдық және моральдық қолдау көрсетіп жатыр. Университет өкілдері марқұмның жақындарының қайғысына құрметпен қарап, ресми расталмаған ақпарат пен жалған мәліметтерді таратпауға шақырды.
Бұл дерек бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталды.
Қазір істің толық, жан-жақты әрі объективті тергелуін қамтамасыз етуге бағытталған тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, Шымкентте үш ай бұрын үйінен мәйіті табылған 56 жастағы кәсіпкер әйелдің туыстары оның өліміне азаматтық некедегі жолдасы себеп болуы мүмкін деп күдіктенеді.
Оқи отырыңыз:
ҚазҰУ Журналистика факультетіндегі даудан кейін жаңа декан тағайындалды
ҚазҰУ-да не болып жатыр? Ұстаздар уәжі мен университет жауабы