Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Сағымбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Бұл қызметке президент Марат Ирменовті тағайындады.
Марат Ирменов – ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры. Ол Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтында, ҚР ҰҚК институтында және Халықаралық құқық және нарық академиясында білім алған.
II дәрежелі "Даңқ" орденімен, мемлекеттік, ведомстволық және мерейтойлық медальдармен наградталған. ҚР ҰҚК Құрметті қызметкері. 2019 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнайы атағы берілді.
Еңбек жолы:
- 1996-2000 жылдары – ұлттық қауіпсіздік органдарының жедел лауазымдарындағы қызметі;
- 2000-2025 жылдары – ұлттық қауіпсіздік органдарының басшы лауазымдарындағы қызметі;
- 2025 жылғы қазаннан бастап бүгінге дейін – ҚР ҰҚК Төрағасының орынбасары.
Тоқаев Ұлттық банк, ҰҚК және Жоғары Сот кеңесі басшыларын қайта тағайындады
"11,4 млрд теңге ұрлаған". ҰҚК "Проблемалық кредиттер қорының" бұрынғы басшысын ұстады