Ауыл кітапханаларының 67 пайызында ғана интернет бар

Ауыл кітапханаларының 67 пайызында ғана интернет бар. Фото: informburo.kz
Ауыл кітапханаларының 67 пайызында ғана интернет бар. Фото: informburo.kz
Министрліктің мәліметінше, кейбір елдімекендерде талшықты-оптикалық байланыс желілерін жүргізу экономикалық жағынан тиімсіз.

Қазіргі уақытта елдегі 3201 ауылдық кітапханадан тек 2136 кітапхана интернетке қосылған. Оған ауылдық елді мекендердің аудан орталығынан шалғай орналасуы, талшықты-оптикалық байланыс желілерінің жеткіліксіз дамуы, ұялы байланыс операторлары желісінің қамту аймағынан тыс қалуы, сондай-ақ кейбір аумақтарда интернет инфрақұрылымын тартудың экономикалық тиімсіздігі себеп болып отыр. Бұл туралы мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаевтың Құрылтай депутаттарының сауалына берген жауабында айтылған. 

Қызылорда облысында интернет желісіне қосылмаған 26 кітапхана аудан орталықтарынан шалғай жатқан елдімекендерде орналасқан. Министрдің мәліметінше, географиялық қашықтық пен тиісті телекоммуникациялық инфрақұрылымның болмауына байланысты аталған кітапханаларға кең жолақты мобильді интернет қызметтерін ұсынудың техникалық мүмкіндігі шектеулі. Осыған орай аудан әкімдіктері "Қазақтелеком" АҚ-мен бірлесіп интернет байланысын қамтамасыз ету бойынша тиісті жұмыстар жүргізіп жатыр.

"Шығыс Қазақстан облысындағы шалғай елді мекендерде орналасқан 20 ауылдық кітапхананы интернет желісіне қосу мәселесі өзекті болып отыр. Аталған кітапханалардың географиялық тұрғыдан оқшау орналасуы, таулы және жетуі қиын аумақтарда орналасуы, сондай-ақ байланыс инфрақұрылымының жеткіліксіздігі интернет желісін тартуды қиындатады. Кейбір елдімекендерде талшықты-оптикалық байланыс желілерін жүргізу экономикалық жағынан тиімсіз", – деп жазылған жауапта. 

Министрлік осыған байланысты шалғай аумақтарда спутниктік байланыс технологияларын қолдану, сондай-ақ мобильді базалық станцияларды спутниктік байланыс арналары арқылы қосу мүмкіндіктерін қарастыруды ұсынады. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау