Қай мұғалімдерге 73 525 теңге мөлшерінде қосымша ақы төленеді

Философия докторы дәрежесі бар мұғалімдерге 17 АЕК қосымша ақы төленеді. Фото ЖИ көмегімен жасалды
Философия докторы дәрежесі бар мұғалімдерге 17 АЕК қосымша ақы төленеді. Фото ЖИ көмегімен жасалды
Қолданыстағы заңнама талаптары бойынша мектептерде жұмыс істейтін ғылыми дәрежесі бар мұғалімдерге 17 АЕК көлеміндегі үстемеақы төленбейді.

Қазақстандағы мемлекеттік жалпы білім беретін мектептерде сабақ беретін философия докторларына ғылыми дәрежесі үшін 17 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қосымша ақы қарастырылмаған. Аталған төлем тек ғылыми-зерттеу ұйымдарының қызметкерлері мен жоғары оқу орындарының оқытушыларына ғана тағайындалады. Бұл туралы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы хабарлады. 

Көптеген педагог "Педагог мәртебесі туралы" Заңның 8-бабы 4-тармағына сүйеніп, негізгі жұмыс орны бойынша мемлекеттік ұйымдардың педагогына PhD немесе бейіні бойынша доктор дәрежесі үшін 17 АЕК қосымша ақы берілуі тиіс деп есептейді. Алайда заңнамада бұл төлемді есептеудің нақты тетіктері мен шектеулері бар.

"Осы заңның 8-бабы 1-тармағы мен ҚР Еңбек кодексінің 139-бабы 9-тармағына сәйкес, бюджет есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілердің еңбекақысын төлеу тәртібі Үкімет қаулысымен айқындалады. Нақтырақ айтқанда, мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің жалақысын есептеу шарттары ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 Қаулысымен реттеледі. Аталған қаулының 18-қосымшасының 12-тармағына сай, ғылым кандидаттарына, философия докторларына, бейіні бойынша докторлар мен ғылым докторларына ғылыми дәрежесі үшін қосымша ақы тек екі санаттағы мамандарға ғана белгіленеді", – делінген хабарламада. 


Оқи отырыңыз: "Мен де буллинг құрбаны болдым". Мектептегі әлімжеттік туралы "Тоқылдақ" фильмі түсірілді


Қосымша ақы: 

  • іргелі зерттеулер жүргізетін ғылыми ұйымдарды базалық қаржыландыру шеңберінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыратын ғылыми қызметкерлерге;
  • мемлекеттік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында ғылыми-педагогикалық қызметті жүзеге асыратын педагогтарға төленеді.

Осылайша, қолданыстағы заңнама талаптары бойынша орта білім беру ұйымдарында, яғни мектептерде жұмыс істейтін ғылыми дәрежесі бар мұғалімдерге 17 АЕК көлеміндегі үстемеақы төленбейді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау