Екі ай бойы Қазақстанға тауық жұмыртқасын әкелуге болмайды

Тауық жұмыртқасын әкелуге тыйым салынды. Фото: Depositphotos.com
Тауық жұмыртқасын әкелуге тыйым салынды. Фото: Depositphotos.com
ЕАЭО елдерінен де жұмыртқа әкелуге уақытша тыйым салынды.

Қазақстанда тауық жұмыртқасын импорттауға екі ай мерзімге уақытша шектеу енгізілді. Тыйым барлық көлік түріне, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше елдерден жеткізілетін өнімге де қатысты.

Тиісті бұйрыққа Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров 2026 жылғы 12 қарашада қол қойған. Құжатқа сәйкес, шектеу жұмыртқаны Қазақстан аумағы арқылы транзитпен тасымалдауға, сондай-ақ ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер арасындағы транзиттік тасымалдарға қолданылмайды.

Бұйрықта бірқатар ерекшелік те қарастырылған. Атап айтқанда, экспорттаушы елде құжат күшіне енгенге дейін экспортқа ресімделген, бірақ Қазақстанға кейін жеткізілген жұмыртқа партияларын әкелуге болады. Ол үшін тиісті кедендік декларациялар ұсынылуы керек.

Бұдан бөлек, бұйрық күшіне енгенге дейін Қазақстан аумағына нақты келіп жеткен жұмыртқаларды да елге кіргізуге рұқсат етіледі. Бұл жағдайда өнімнің Қазақстанға келгенін растайтын ілеспе жүкқұжат болуы қажет. Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы 2026 жылғы 13 қарашадан бастап күшіне енді.

Айта кетейік, Қазақстанда жыл басынан бері көліктерге заңсыз орнатылған 595 жанармай багы анықталды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау