Астана, Алматы және Шымкентте алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

Алматыда қар жауды. Фото: Depositphotos.com
Алматыда қар жауды. Фото: Depositphotos.com
Қазақстанның үш ірі қаласында ауа райы өзгереді.

Қазақстанның үш ірі қаласында алдағы үш күнде ауа райы құбылмалы болады. Астанада түнгі уақытта жолдар көктайғақтанып, тұман түседі. Алматыда бүгін қар жауса, Шымкентте аптаның ортасында жаңбыр күтіледі, деп хабарлайды "Қазгидромет". 

Синоптиктердің 16-18 қарашаға арналған болжамына сәйкес, елордада жауын-шашын болмайды. Алайда 16 қарашаға қараған түні жолдарда көктайғақ болып, түнде және таңертең тұман түседі. Ауа температурасы түнде -2-4 градус, күндіз 0+2 градус болады.

17 қарашада да түнде және таңертең тұман сақталады. Ауа температурасы түнде -4-6 градусқа дейін төмендеп, күндіз 0+2 градус шамасында болады. Ал 18 қарашада күндіз ауа температурасы +2+4 градусқа дейін көтеріледі.

Алматыда 16 қарашаға қараған түні қар жауады. Түнде және таңертең тұман түседі. Ауа температурасы түнде -3-5 градус, күндіз +3+5 градус болады.

17 қарашада жауын-шашын күтілмейді, түнде тұман түседі. Температура түнде -3-5 градус, күндіз +5+7 градусқа дейін жетеді. 18 қарашада да жауын-шашын болмайды. Күндіз ауа температурасы +8+10 градусқа дейін көтеріледі.

Шымкентте алдағы екі күнде жауын-шашын болмайды. 16 қарашада ауа температурасы түнде +1+3 градус, күндіз +14+16 градус болады. 17 қарашада да күндіз ауа температурасы +14+16 градус шамасында сақталады.

Ал 18 қарашада таңертең және күндіз жаңбыр жауады. Желдің жылдамдығы 8-13 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Ауа температурасы түнде +6+8 градус, күндіз +12+14 градус болады.

Айта кетейік, Алматыда қоғамдық көлікте ит, мысық және басқа да үй жануарларын тегін алып жүруге болады. Алайда жолаушылар жануарларды тасымалдау кезінде бірқатар талапты сақтауы керек.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау