Құрманбек Жұмағали Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" ұлттық киностудиясының президенті қызметіне тағайындалды. Бұл туралы "Қазақфильм" киностудиясының Instagram аккаунтынан белгілі болды.
Құрманбек Жұмағали еңбек жолын 2004 жылы бастаған. Осы уақыт аралығында мемлекеттік қызметте, бұқаралық ақпарат құралдары мен медиа саласында түрлі басшылық лауазымдарды атқарды.
Әр жылдары "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясында жұмыс істеген. Сондай-ақ Қарағанды облысы әкімінің кеңесшісі, Маңғыстау облысы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары және басшысы қызметтерін атқарған.
Бұдан бөлек, "Қазақ радиоларының" директоры, "Қазақстан" РТРК басқарма төрағасының бірінші орынбасары болған.
2019-2021 жылдары "Астана" телеарнасының, ал 2021-2023 жылдары "31 арнаның" бас директоры қызметін атқарды.
2023 жылғы шілдеден бастап Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығын басқарды. Енді ол отандық киноиндустрияның жетекші мекемелерінің бірі – "Қазақфильм" киностудиясына басшылық етеді.
Құрманбек Жұмағали Ұлттық киноны қолдау орталығының басқарма төрағасы болып тағайындалды
"Қазақфильмнің" реквизиттері қалай сақталады және олардың қауіпсіздігіне кім жауап береді