Петропавлда үш қолды ер мен әйел бейнеленген баннер әлеуметтік желіде талқыға түсті. Қала әкімдігі баннер алынып тастаоып, орнына жаңасы орнатылатынын хабарлады.
Қала әкімдігі тұрғындар мен әлеуметтік желі қолданушыларының пікіріне құлақ асып, осындай шешімге келген.
Баннер Петропавл қаласында Ульянов көшесіндегі №59 және №61 үйлердің арасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына қолдау көрсету орталығының жанына орнатылған. Жазба авторы баннердегі ер адам мен әйелдің әрқайсысында үш қолдан бейнеленгенін байқап, ал желі қолданушылары дизайнер қате жіберген болар деп топшылаған.
Смотреть в Threads
Алайда мемлекеттік орган өкілдері суретте қате жоқ екенін мәлімдеді. Олардың айтуынша, дизайнер үш қол арқылы отбасының бір-бірін қорғау идеясын және бірнеше істі қатар атқара алатынын көрсеткісі келген.
"Бұл – қате емес, автордың көркемдік тәсілі. Дизайнер отбасы қорғау және бірнеше міндетті қатар атқару идеясын бейнелегісі келген. Алайда тұрғындар автордың көзқарасын әртүрлі қабылдағандықтан, баннерді алып тастап, орнына жаңасын орнату туралы шешім қабылданды", – деп хабарлады әкімдік.
Баннер жанындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына қолдау көрсету орталығы биыл қыркүйекте ашылған. Мұнда қиын жағдайда қалған әйелдерге психологиялық көмек пен қолдау беріледі.
Жүктілік, бала босану және зорлық-зомбылық. ДДСҰ Орталық Азиядағы әйел өлімінің басты себептерін атады
Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты заңнама. Ең негізгі баптарын түсіндіреміз