24 желтоқсанда Оралдан Дубайға тікелей әуе рейсі ашылады. Билет бағасы қанша

24 желтоқсанда Оралдан Дубайға тікелей рейс ашылады. Фото: Depositphotos.com
24 желтоқсанда Оралдан Дубайға тікелей рейс ашылады. Фото: Depositphotos.com
FlyArystan бұл бағытта аптасына бір рет жолаушы тасымалдауды жоспарлап отыр.

Қазақстандық FlyArystan әуе компаниясы Орал – Дубай – Орал бағыты бойынша тікелей рейске билет сатуды бастағанын хабарлады. 

Жоспар бойынша, компания алғашқы рейсін биылғы 24 желтоқсанда аттандырады. 

Рейстер аптасына бір рет, бейсенбі күндері орындалады. 

  • Оралдан ұшу уақыты – 06:20, Дубайға келу уақыты – 11:55. 
  • Қайтар рейс Дубайдан 13:00-де ұшып, Оралға 20:25-те қонады.

Оралдан Дубайға билет бағасы 65 000 теңгеден, ал Дубайдан Оралға 66 000 теңгеден басталады.

Айта кетейік, жолаушылар базалық тарифпен алынған билетпен салмағы 7 келіден аспайтын ғана қол жүгін алып жүре алады. Жүк салмағы асып кетсе, қосымша ақы төлеуге тура келеді. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау