ҚМДБ үйлену тойындағы love story мен "гулянкаға" қарсы шықты

ҚМДБ үйлену тойындағы love story мен "гулянкаға" қарсы шықты. Фото: depositphotos.com
ҚМДБ үйлену тойындағы love story мен "гулянкаға" қарсы шықты. Фото: depositphotos.com
Діни басқарма жастардың қала көшелерін аралып қыдыруын ысырап санаса, love story-ді дәстүрге жат деп атады.

ҚМДБ сайтында той мен жаназадағы ысырап туралы мақала жарияланды. Мақалада love story аталып кеткен екі жастың махаббат хикаясын тойда көпшілікке көрсету шариғатқа да, дәстүрге де жат екені жазылған. 

Діни басқарма үйлену тойындағы ысыраптың бір түрі деп көпшілік "гулянка" атап кеткен жастардың қала көшелерін аралып қыдыруы мен love story түсіруді атаған. 

"Гулянка" қомақты қаржыны талап етіп қана қоймай, кептелістің кесірінен тойға екі жастың кешігіп келуіне де себепкер болып отыр. Сондай-ақ love story деп аталатын шара және бар. Жастар қалай танысқанын көпшілікке жария етіп, тарихын таныстырады. Бұл шариғатқа да, дәстүрге де жат. Өйткені тойда күйеу бала мен келіншектің ата-анасы, ата-енесі мен өзге үлкен жастағы кісілер болады. Оларға құшақтасқан, сүйіскен сәттерін көрсетуі ерсі екенін барлығымыздың ішіміз сезеді. Мұндай фильмді түсіру үшін әжептәуір ақша жұмсалатынын да біле жүрейік", – делінген мақалада.

Сондай-ақ, мақалада той үшін несие алып, белшеден қарызға батып, оны жылдар бойы төлеу дұрыс емес екені, несиені төлеуге байланысты жаңадан отбасы құрған жастардың арасында келіспеушіліктер болып, соңы ажырасумен аяқталып жатқаны айтылған.

"Тойдағы ысыраптың ең көбі дастарқан мәзіріне қатысты. Үстелді шамадан тыс толтырып тастаймыз. Бірнеше салат, екі немесе одан да көп ыстық тамақ, жеміс-жидектер мен сусындар. Оған нан мен бауырсақты, самса мен түрлі тәттілерді қосып қойыңыз. Негізінен бірінші асқа той иесі ет тартып жатады. Міне, осы жерден ысырап басталады. Астаудағы тамақты өз тәрелкесіне толтырып салып алғанмен, көпшілік тауыса жемейтінін көріп жүрміз. Мұның барлығы бірден қоқысқа тасталады. (...) Әлемдік азық-түлік агенттігінің мәліметтеріне сүйенсек, бір жылдың өзінде аштық пен дұрыс тамақтанбаудан 10 миллион адам көз жұматын көрінеді. Ал ысыраппен қалай болса солай жұмсалып жатқан азық-түліктің төрттен бірі үнемделсе 870 милион адамның азық-түлік қажеттілігін өтеуге жетеді екен", – деп жазды мақала авторы Кеулімжай Құтты.

Ысырап сөзі араб тілінен аударғанда "босқа шашу", "мөлшерсіз жұмсау", "шектен шығу" деген мағыналарды білдіреді. Имам Ғазали "Мүмкіндіктерді діннің, ғұрыптың және адамзаттың қажеттілігіне керекті мөлшерде жұмсау – жомарттық, одан төменгі мөлшерде жұмсау – сараңдық, ал осы өлшемдерден асып кету – ысырап", – деген. Адам баласы қолындағы барлық мүмкіндікті Алла жолында, қоғамның қажетіне жұмсаса, ысырапқа жатпайды. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау