Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы өзгерген жоқ. Ол 444,40 теңге деңгейінде сақталды. Ұлттық банктің ресми бағамы – 444,30 теңге.
Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы бағам
Kurs.kz мәліметінше, Астананың ақша айырбастау орындарында шетел валюталары мына бағамен саудаланып жатыр:
- доллар – сатып алу 441 теңге, сату 448 теңге;
- еуро – сатып алу 488 теңге, сату 499,28 теңге;
- рубль – сатып алу 5,15 теңге, сату 5,35 теңге.
Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 444,32 теңгеден сатып алынып, 446 теңгеден сатылып жатыр.
Айта кетейік, Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Мексиканың Монтеррей қаласында отандық өнерпаздармен бірге музыкалық импровизация жасады.