Астанада екі компаниядан 109 млн теңгеден астам ақша жымқырған бухгалтер сотталды

Компаниядан ақша жымқырған бухгалтер сотталды. Фото: Depositphotos.com
Компаниядан ақша жымқырған бухгалтер сотталды. Фото: Depositphotos.com
Жазаны өтеу мерзімі бір жылға кейінге қалдырылды.

Астанада екі компанияның есепшотынан 109 миллион теңгеден астам қаражатты заңсыз аударған бұрынғы бас бухгалтер жеті жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар оған коммерциялық және мемлекеттік ұйымдарда материалдық жауапты лауазымдарды атқаруға 10 жылға тыйым салынды. Алайда сот оның кәмелетке толмаған екі баласы бар екенін ескеріп, жазаны өтеуді бір жылға кейінге қалдырды, делінген сот хабарламасында. 

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының мәліметінше, әйел 2019–2023 жылдары бір меншік иесіне тиесілі екі жауапкершілігі шектеулі серіктестікте бухгалтер, кейін бас бухгалтер болып жұмыс істеген.

Сот мәліметінше, қызметтік міндеттеріне байланысты әйел компаниялардың банк шоттарына қол жеткізіп, қаржылық операцияларды өз бетінше жүргізу мүмкіндігіне ие болған.

"Ол осы мүмкіндікті пайдаланып, тиісті келісімшарттарсыз әрі бухгалтерлік есепте көрсетпестен, компаниялардың шоттарынан өзінің банк шотына және өзі бақылайтын жеке кәсіпкерлердің шоттарына жүйелі түрде ақша аударып отырған. Осының салдарынан екі компанияға 109 миллион теңгеден астам материалдық залал келтірілген. Бұл қаражат әлі күнге дейін өтелмеген. Сот үкім шығарғанда сотталушының екі кәмелетке толмаған баласы бар екенін жеңілдететін мән-жай ретінде ескерген. Нәтижесінде әйел жеті жылға бас бостандығынан айырылып, коммерциялық және мемлекеттік ұйымдарда материалдық жауапты лауазымдарды атқару құқығынан 10 жылға айырылды", – делінген хабарламада.

Алайда асырауында 2013 және 2014 жылы туған балалары болғандықтан, қылмыстық кодекстің 74-бабына сәйкес жазаны өтеу мерзімі бір жылға кейінге қалдырылды. Сонымен қатар жәбірленушілердің азаматтық талаптары қанағаттандырылды. Сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау