Интернет ресурсты қолдану ережелері

Іnformburo.kz интернет ресурсын қолдану ережелері (бұдан әрі – "Ережелер") Іnformburo.kz интернет ресурсының меншік иесі мен қолданушылары арасындағы қарым-қатынасты реттеуге, сондай-ақ іnformburo.kz интернет ресурсының электронды ақпараттық материалдарын қолдану тәсілдерін толық түсінуге арналған.

1. Ережеде қолданылатын ұғымдар

1.1. Іnformburo.kz интернет-ресурсы (бұдан әрі – "Сайт") – мемлекеттік емес электронды ақпараттық ресурс, ашық ақпараттық-коммуникациялық желіде қызмет ететін оны жүргізу және (немесе) қолдану технологиясы, сондай-ақ, ақпараттық өзара қызметті қамтамасыз ететін ұйымдық құрылым. informburo.kz  Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінде тіркеуге/қайта тіркеуге қойылған желілік басылым (№ 16589-СИ, 26.06.2017 жыл).

1.2. Іnformburo.kz интернет-ресурсының меншік иесі (бұдан әрі – "Меншік иесі") – informburo.kz интернет-ресурсына иелік ету, қолдану және басқару құқықтарын толық көлемде жүзеге асыратын "Инфополис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. "Инфополис" ЖШС Қазақстан Республикасы 

ақпараттық кеңістігінде отандық авторлық контент өндірушілер мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге, ақпараттық ортаны қолданушылардың бәріне қауіпсіз ету және оларды жүзеге асыру кезінде өзара қызмет шарттарын құруға атсалысуға бағытталған 2016 жылғы 24 тамызда қабылданған Ұжымдық шарт (бұдан әрі – "Ұжымдық шарт") қатысушысы болып табылады.

1.3. Іnformburo.kz интернет-ресурсын қолданушы (бұдан әрі – "Қолданушы") - informburo.kz интернет-ресурсына өзіне қажетті электрондық ақпараттық материалдарды алу үшін және оларды осы Ережелерде анықталған шек аясында қолданатын субъект.

1.4. Іnformburo.kz электронды ақпараттық материалдары (бұдан әрі – "Материалдар") –informburo.kz интернет-ресурсында бар, электронды түрде жарияланған және сақталатын ақпарат/материалдар (аудиовизуалды, мәтінді, графикалық, фотоматериалдар суреттер және т.б қоса алғанда, бірақ шектеусіз).

  • 4.1. Сайттың өз материалдары– Меншік иесі өндірген және Сайтта жариялаған материалдар, олардың барлық құқығы Меншік иесіне тиесілі.
  •  
  • 4.2. Сайттың өзгеден алынған материалдары– өзге құқық иесі өндірген және Меншік иесі заңдық негізде Сайтта жариялаған материалдар.

1.5. Сайтты қолдану – Қолданушының сайттағы Қазақстан Республикасы заңнама нормаларына қайшы емес кез-келген әрекеті.

2. Жалпы ережелер

2.1. Меншік иесі Сайттағы тәртіп ережесін айқындайды және Қолданушыдан оны орындауды талап ету құқығын өзіне қалдырады.

2.2. Сайт қолданушыларына онда жарияланған Материалдармен танысу және осы Ережелердің талаптары сақталған жағдайда Материалдарды қолдану мүмкіндігі беріледі.

2.3. Қолданушының сайтты пайдалануы оның 

осы Ережелердегі төменде аталған шарттарды қабылдайтынын және орындауға міндеттенетінін білдіреді. Бұлай болмаған жағдайда Қолданушы Сайтты пайдаланудан бас тартқаны жөн.

2.4. Осы Ережелерді білмеу оларды орындау қажеттігінен және жауапкершіліктен босатпайды.

2.5. Осы ережелер Меншік иесі тарапынан кез-келген уақытта және хабарландырусыз толықтай немесе ішінара өзгертілуі мүмкін. Ережелердің жаңа редакциясы сәйкес датасы көрсетіліп, Сайтта жарияланған уақыттан бастап күшіне енеді.

2.6. Барлық ескертулер, шағымдар және ұсыныстарды келесі электронды мекен-жайға жолдауға болады: [email protected]

2.7. Сайтта өзге интернет-ресурстарға сілтемелер жариялануы мүмкін. Мұндай сілтемелермен өту арқылы Қолданушы оның салдарына барлық жауапкершілікті өзіне алады. Қолданушы мұндай ресурстардың қолжетімділігіне және оларда жарияланған контентке, сондай-ақ мұндай ресурстарға өтумен және оларды қолданумен байланысты жауапкершілік Сайттың Меншік иесіне жүктелмейтінімен келіседі.

2.8. Қолданушы Сайттың Меншік иесіне Қолданушының жеке мәліметтеріне қатысты ақпаратты жинауға (өңдеуге) өзінің толық келісімін береді. Бұл ретте Сайттың Меншік иесі Қолданушы берген жеке мәліметтерге қатысты құпиялылықты сақтауға міндеттенеді.

2.9. Сайтта жарияланған авторлардың пікірі Сайттың Меншік иесінің көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін.

3. Сайт материалдарын қолдану шарттары

3.1. Меншік иесінің құқықтары

3.1.1. Меншік иесі Сайтта өзінің Материалдарын және өзгеден алынған Материалдарды да жариялайды.

3.1.2. Сайт интеллектуалдық қызметтің 

қорғалатын нәтижелерін қамтиды, оның ішінде  (бірақ шектеусіз) авторлық және аралас құқық нысандары және индивидуализация құралдары, оның қатарында мәтіндер, фотосуреттер, аудиовизуалды материалдар, графикалық суреттер, тауар белгілері, логтиптер және басқалар бар.

3.1.3. Меншік иесіне Сайт Материалдарының, оларды таңдау, орналастыру, жүйелеу және өзгерту құқықтары, сондай-ақ жарияланған Сайт Материалдарының мазмұнында көрсетілген ерекше жағдайлардан өзге кезде бастапқы мәліметтеріне деген құқық тиесілі болып саналады.   

3.2. Қолданушы құқықтары мен шектеулері

3.2.1. Қолданушы Сайттағы кез-келген материалды Меншік иесінің жазбаша рұқсатымен ғана пайдалана алады.

3.2.2. Ұжымдық шарт қатысушыларына Меншік иесінің (Сайттың) материалының Сайтта жарияланған мәтіннің үштен бірінен артық емес бөлігін Материалда баяндалған мағынасын сақтай отырып пайдалануға рұқсат етіледі. Сондай-ақ, Материалдарды пайдаланудың басты шарты – Сайттың сәйкес бетіне (//informburo.kz) бастапқы дерек көзі ретінде гиперсілтеме берілуі тиіс. Сайтқа гиперсілтеме бірінші не екінші сөйлемде көрсетілуі қажет. Ұжымдық шарт Қатысушылары Меншік иесінің (Сайттың) фото-, аудио- және видеоматериалдарын пайдаланған жағдайда, оның ішінде көшіргенде, таратқанда және жариялағанда Сайттың арнайы белгісін (логотип/заставка) қойып, Сайтқа бастапқы дерек көзі ретінде гиперсілтеме беруі тиіс (Сайтың фото- және видеоматериалдарындағы арнайы белгіні кесіп тастауға не өшіруге тыйым салынады).

3.2.3. Өзгелерден, оның ішінде "31 арна" телерадиокомпаниясы" ЖШС, "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасы және Меншік иесінің өзге де серіктестерінен алынған және Сайтта жарияланған материалдар Меншік иесіне тек жарияланым құқығында ғана тиесілі болады. Оларды толықтай не үзіндісін кез-келген формада кез-келген ресурста, оның ішінде интернет-сайттарда қайта басу не ретрансляциялау, көрсету, көшіру және/немесе 

таратуға аталған субъекттердің жазбаша келісімі болмаған жағдайда ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.

3.2.4. Сайт Қолданушысының Сайттың өзіндік және/немесе өзгеден алынған материалдарын толықтай не ішінара осы Ережелерде қарастырылған талаптарды орындамастан өзгертуге, жариялауға, үшінші тұлғаларға беруге, сатуға не беруге қатысуға, оның негізінде жаңа өнім дайындауға және басқаша тәсілмен пайдалануға құқығы жоқ. 

3.2.5. Ережелердің осы бөлімінде көрсетілген шарттар Сайт Материалдарының құқық иесі болып табылатын Меншік иесі мен үшінші тұлғалардың мүдделерін қорғауды қарастырады. Бұл ретте құқық иелері осы Ережелерде көрсетілген құқықтарын өз бетінше пайдалануға құқылы.

4. Сайттағы ақпаратты тарату туралы келісім

4.1. Сайт Қолданушысы Сайтта белгілі бір әрекеттерді жасау кезінде жаңа материалдың жариялануы туралы немесе қолданушы функционалының өзгеруі туралы хабарламаның автоматты таратылымына жазыла алады.

4.2. Аталған таратылым қалаусыз хабарламалар тарату сервисі болып табылмайды және Сайттағы функционал өзгерістері мен жаңа Материалдар туралы хабарландыру қызметін атқарады.

4.3. Егер Қолданушы таратылымнан бас тартқысы келсе хаттың төменгі бөлігіндегі "Бас тарту" батырмасын басу арқылы кез-келген уақытта қызметті тоқтата алады.

5. Жауапкершілік

5.1. Сайтта жарияланған Материалдарды заңсыз пайдаланған Сайт қолданушылары Материалды заңсыз көшіргені және пайдаланғаны үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жеке және өз есебінен (Сайттың Меншік иесінің қатысуынсыз) жауапкершілікке тартылады.

5.2. Сайттың Меншік иесі Қолданушыға үшінші 

тұлғалар тарапынан, оның ішінде Сайт және/немесе Сайт мүмкіндіктерін қолдану арқылы келген зиян үшін жауапты емес.

5.3. Меншік иесі өз құқықтары мен заңды мүдделерін кез-келген заңды тәсілмен, оның ішінде сот тәртібімен қорғау құқығын өзіне қалдырады.

Дата: 2016 жыл 28 қыркүйек

Читайте также