Астанада лицензиясыз жұмыс істеген ломбардтың заңсыз әрекеті әшкереленді

Лицензиясыз жұмыс істеген ломбард. Фото: Depositphotos.com
Лицензиясыз жұмыс істеген ломбард. Фото: Depositphotos.com
Астанада азаматтарға күніне 0,25 пайызбен қарыз берген ломбард анықталды.

Қаржылық мониторинг агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті бірнеше филиалы болған 01market ломбардтың заңсыз қызметін анықтады. Күдіктілер азаматтардың мүлкін кепілге алып, тиісті лицензиясыз қарыз беріп келген, деп хабарлайды ҚМА.

ҚМА мәліметінше, 2021 жылдан бері күдіктінің бақылауында үш жеке кәсіпкерлік болған. Олар лицензиясыз мүлікті кепілге алып, азаматтарға ақша беріп отырған.

"Ломбард шынайы қызметін жасыру үшін клиенттермен комиссиялық сауда мәмілесі жасалғандай етіп кепіл билеттерін рәсімдеген. Қарыз 30 күнге қолма-қол беріліп, оған күніне 0,25 пайыз сыйақы есептелген. Қарызын белгіленген мерзімде қайтармаған азаматтарға қосымша айыппұл салынған. Ал берешегін өтемеген жағдайда кепілге қойған мүлкі сатылған", – делінген хабарламада.

ҚМА дерегінше, заңсыз қызметтен түскен табыс 102 миллион теңгеден асқан. Қазір тергеу аясында заңсыз жолмен алынған қаражатқа сатып алынған кемінде екі пәтерге, үш көлікке және екі кеңсеге тыйым салынған.

Айта кетейік, Қазақстанда жыл басынан бері көліктерге заңсыз орнатылған 595 жанармай багы анықталды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау