ҚМДБ тойдың тілегі мен астың батасын шатастыратын қарияларды сынға алды

Қазақстанда 2023 жылдан бері бата беру байқауы өткізіледі. Сурет: жасанды интеллектінің туындысы
Қазақстанда 2023 жылдан бері бата беру байқауы өткізіледі. Сурет: жасанды интеллектінің туындысы
Қазақстанда ақсақалдар арасында бата беру байқауы тұрақты өткізіліп тұрады.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2023 жылдан бері бата беру байқауын өткізіп келеді. Алғашқы бата беру байқауы Астана қаласында өтсе, екінші рет Шымкент қаласында 2025 жылы ұйымдастырылды. Қариялар әр облыстан іріктелді. Екі байқауда да қазылар алқасы ақсақалдардың шариғат пен дәстүрге сай мағыналы бата беруіне, дауыс ырғағы мен киім үлгісіне, қосымша сұрақтарға жауап беруіне қарай бағалап, сол арқылы жеңімпазды анықтады. 

"Мұндай байқаулардың мақсаты – қарияларды негізгі жарыстыру емес, бата беру дәстүрін жаңғырту арқылы жастарды кішіпейілділікке, имандылыққа, батылдық пен мәрттікке баулу. Сондай-ақ бата беру байқауларының өңірлерде өтіп тұруы сөз қадірін арттыруға, бата тек тілек айту ғана емес, тәлім мен тәрбие құралы екенін насихаттауға үлкен серпін берері сөзсіз. Себебі қазіргі кезде тойдағы айтар тілек пен асқа берілер батаны шатастырып жататын қариялар көп кездеседі. "Бата беруді білмеймін" деп ат-тонын ала қашатындар да жоқ емес. Сондықтан, қазақтың әрбір ер азаматы жастайынан бата жаттап, қандай жағдайда қандай бата берілетінін біліп жүргені абзал. Өйткені, ол да күндердің бір күнінде қартайып, әулеттің үлкені, қоғамның ақсақалына айналады. Сол кезде жастарға не айтарын білмей қол қусырса, ұрпағы кімге қарап бой түземек?" – деді ҚМДБ жанындағы республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі Нұрболат Дүйсебаев.

Оның түсіндіруінше, "бата" ұғымы "Фатиха" сүресінен бастау алып, "бәтиға" болып қазақ тіліне енген.

Қазақта бала дүниеге келгеннен бастап, кез келген жастағы адамға жағдайға қарай берілетін батаның алуан түрі бар.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау