Тікелей эфир

Қантсыз әзірлеуге болатын 10 түрлі тосап

Қанттың орнына бал немесе эритрит қосуға болады.

Көптеген адам құрамында қанты көп тосапты жей алмайды. Біріншіден, денсаулыққа айтарлықтай зиян болса, екінші жағынан қазір елде қант тапшы. Осы орайда, қантсыз әзірлеуге болатын 10 тосап түрін ұсынамыз. Қанттың орнына бал немесе эритрит қосуға болады. 

1. Қантсыз цитрус тосабы

Дәмдірек болуы үшін зімбір қосуға болады. 

Құрамы:

  • 4 апельсин;
  • 2 лимон;
  • 150 г зімбір;
  • 1 стақан су. 

Дайындау:

  1. Апельсин мен лимонды тазартып, еттартқышта майдалаймыз.
  2. Су құйып, 15 минуттай қайнатамыз. Отты ақырын етіп қою қажет.
  3. Зімбірді үккішпен майдалап, тосап қосамыз.
  4. Барлығын араластырған соң ыдыстарға құямыз. 

2. Құлпынай тосабы

Жидекті бүтіндей және ортасынан бір бөліп алуға болады. 

Құрамы:

  • 600 г құлпынай;
  • 1 шай қасық лимон шырыны.

Оқи отырыңыз: Табиғи қант алмастырғыш. Отандық ғалымдар стевияны жаппай көбейту технологиясын әзірледі 


Дайындау:

  1. Құлпынайды тазалап, ортасынан бір бөлеміз.
  2. Орташа қосылған отта қайнаған соң, тағы 5-7 минут қайнатамыз.
  3. Сууы үшін қалдырамыз.
  4. Дәл осыны екі рет қайталап, соңында лимон шырынын қосамыз.
  5. Кейін тосапты банкілерге құямыз. 

3. Шие қосылған тосап

Құрамы:

  • 1,5 кг шие

Дайындау:

  1. Шиеден сүйектерін алып тастаймыз.
  2. Үстіне су құйып, 30 минут қатты қайнатамыз.
  3. Отты азайтып, тағы бір сағат қайнатамыз. Арасында араластыруды ұмытпаймыз.
  4. Отты қатты басып, тағы 1,5 сағат қайнатамыз.
  5. Кейін тосапты бірден ыдыстырға құйып аламыз. 

4. Қарақаттан жасалған тосап

Құрамы: 

  • 1 кг қарақат қажет. 

Дайындау:

  1. Қарақатты жуып, банкаларға саламыз.
  2. Кастрөлдің ішіне су құйып, орамал төсейміз.
  3. Кейін үстіне банкілерге салынған қарақатты қоямыз.
  4. Осылай 15-20 минут қайнатамыз. Кейін банкалардың қақпағын жабамыз. 

5. Бүлдірген тосабы

Балды қалағаныңызшы қосуға болады. 

Құрамы:

  • 1 кг бүлдірген;
  • 4 ас қасық бал. 

Оқи отырыңыз: "Алкогольсіз сусын өндірушілер банкротқа ұшырайды". Құрамында қанты бар сусындарға акциздік салық енгізу неге соқтырады?


Дайындау:

  1. Бүлдіргенді езіп, бал қосамыз.
  2. Шикі тосапты бірден банкаларға құйып, қақпағын жабамыз. 

6. Қаражидек тосабы

Бұл жидек түрі қышқыл болғандықтан, бал қосып жіберуге болады. 

Құрамы:

  • 300 гр қаражидек;
  • 150 г бал. 

Дайындау:

  1. Ірі жидектерді ортасынан бір бөлеміз.
  2. Бал қайнаған кезде үстіне қаражидекті қосамыз.
  3. Тағы бірнеше минут қайнатып, тосапты банкаға құямыз. 

7. Қызыл қарақаттан жасалған тосап

Қанттың орнына тәтті алма қосуға болады. 

Құрамы:

  • 2 кг қызыл қарақат;
  • 1,5 кг тәтті алма.

Дайындау:

  1. Қарақатты қайнатамыз.
  2. Алманы тазалап, майда етіп тураймыз.
  3. Алманы жидекке қосып қайнатамыз.
  4. Тағы бір рет қайнаған соң, 3 рет 5-7 минут қайнатамыз.
  5. Араластыруды ұмытпаймыз.
  6. Суыған соң тосапты ыдысқа құямыз. 

8. Жидектен жасалған тосап

Тосапты бірнеше рет қайнататындықтан, ол қою болып шығады. 

Құрамы:

  • 600 г жидек;
  • 1 шай қасық лимон шырыны.

Оқи отырыңыз: Қазақстандықтар тәтті жеуді азайтты. Қант тапшылығының бұған қатысы бар ма?


Дайындау:

  1. Жидекті ыдысқа салып, лимон шырынан құямыз.
  2. Отты ақырын қосып, тосапты қайнатамыз.
  3. Тағы 5 минут қайнатып, кейін бір сағат бойы астын өшіріп қоямыз.
  4. Дәл осылай екі рет қайталаймыз.
  5. Кейін тосапты бірден ыдысқа құйып аламыз. 

9. Бал қосылған жидек тосабы

Бұл тосапты "жидектен жасалған бал" деп те атауға болады. 

Құрамы:

  • 1 кг жидек;
  • 1 кг бал.

Дайындау:

  1. Жидекті тазалап жуып, шірігендерін алып тастаймыз.
  2. Кейін жақсылап еземіз.
  3. Балмен араластырамыз.
  4. Бірден банкаға құямыз. 

10. Эритрит пен стевия қосылған тосап

Денсаулыққа пайдасы арта түсуі үшін чиа дәндері мен зығыр қосыңыз. 

Құрамы:

  • 1 кг қаражидек;
  • 2 ас қасық стевия;
  • 3 ас қасық эритрит. 

Дайындау:

  1. Жидектерді 5-7 минут немесе одан да көп қайнатамыз.
  2. Қант алмастырғышты қосып, тағы 10 минут қайнатамыз.
  3. Кейін тосапты стерильденген банкаларға құямыз. 
Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары