Тікелей эфир

Қазақстандықтар тәтті жеуді азайтты. Қант тапшылығының бұған қатысы бар ма?

Елде қантты тұтыну жан басына шаққанда шамамен 1,5 келіні құрайды.

Қазақстанда тәтті өнімдерді тұтыну көлемі төмендеді. 2022 жылдың І тоқсанында жан басына шаққанда орта есеппен 10,3 кг қант, джем, бал, шоколад және кондитерлік өнім тұтынды. Бұл 2021 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 1,3 пайыз аз, деп хабарлайды energyprom.kz сайты. 

Оның ішінде 4,5 килограмы қант, бұл 2021 жылдың қаңтар-наурыз айларымен салыстырғанда 7,2% артық. Мұнымен қатар, тұрғындар қанттан бөлек, балмұздақ тұтынып отыр. Көрсеткіш 2,6% артты, бір тоқсанда жан басына шаққанда 275 грамға дейін жейді. Сондай-ақ, шоколад тұтыну көлемі 0,5%, 223 грамға дейін артты. 

Тазартылған қантты тұтыну көлемі жан басына шаққанда 27,6%, бір тоқсанда 113 грамға дейін азайды. Тосап, джем және повидло (27,4%, 547 грамға дейін), сондай-ақ, шоколадпен жылтыратылған кәмпиттер (11,2%, 687 грамға дейін), бал (0,3%, 293 грамға дейін) және басқа да тәттілерді (2,8%, 3,7 килограмға дейін) тұтыну да төмендеді.


Оқи отырыңыз: Табиғи қант алмастырғыш. Отандық ғалымдар стевияны жаппай көбейту технологиясын әзірледі


2022 жылдың I тоқсанында өңірлер бойынша жан басына шаққанда:

  • Алматы облысы – 12,5 кг;
  • Түркістан облысы – 11,28 кг;
  • Алматы қаласы – 11,27 кг.

Ең төмен көрсеткіштер;

  • Шымкент – 6,9 кг;
  • Атырау облысы – 8 кг;
  • Шығыс Қазақстан облысы – 8,5 кг.

"Елде қантқа байланысты ажиотаж жалғасуда. Тапшылық қантқа қатты тәуелді кондитерлік кәсіпорындарға әсер ете бастады. Хабар 24 мәліметінше, маусым айының басында Орал кондитерлері қант тапшылығы мен бағасының қымбаттауына байланысты өз өнімінің бағасын көтеруге мәжбүр болды. Сонымен қатар, Forbes.kz ірі кондитерлік фабрикасы нарықтың 21 пайызын құрайтын "Лотте Рахат" акционерлік қоғамының кей тәттіні өндіруді тоқтата тұру туралы шешім қабылдағанын бөлісті. Ал компанияның Шымкенттегі фабрикасы жұмысты толықтай тоқтатты. Бір таңқаларлығы, дәл сол күні Алматы әкімдігі "Лотте Рахаттың" қантпен толық қамтамасыз етілгеніне сендіруге тырысып, бұл мәлімдемені теріске шығарды", – делінген хабарламада. 

ҚР ұлттық статистика бюросының дерегі бойынша ҚР қалаларында 1 кг құм қанттың орташа бағасы осы жылдың мамыр айының қорытындысы бойынша 439 теңгені құрады.


Оқи отырыңыз:


Ең қымбат қант:

  • Алматы – 463 тг;
  • Қарағанды – 461 тг;
  • Атырау – 460 тг.

Керісінше арзан:

  • Ақтөбе – 378 тг;
  • Ақтау – 397 тг;
  • Петропавл – 401 тг.
Серіктестер жаңалықтары