Қазақстаннан Өзбекстанға жүретін пойыздар саны тәулігіне 60-қа дейін артады

Фото: ЖИ көмегімен жасалды
Фото: ЖИ көмегімен жасалды
Өзбекстан бағытында Сарыағаш және Оазис станцияларының өткізу қабілеті артты.

Транспорт вице-министрі Жәнібек Тайжанов қазақстандық теміржол инфрақұрылымының бірнеше бағыттағы өткізу қабілетін арттыру жоспарларын бөлісті. Ол бұл туралы Үкімет отырысында мәлімдеді. 

Оның айтуынша, бұл бағытта соңғы жылдары ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр.

"Қытай бағытында Достық – Мойынты учаскесінде екінші жол салынды. Алтынкөл станциясы мен Алтынкөл – Жетіген учаскесі жаңартылды. Нәтижесінде Қытай бағытындағы өткізу қабілеті тәулігіне 75 пойызға дейін жеткізілді", – деді Тайжанов.


Оқи отырыңыз: Алматыдағы бұрынғы теміржол ауруханасы қашан жөнделеді 


Өзбекстан бағытында Сарыағаш және Оазис станцияларының өткізу қабілеті артты.

"Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталып, Сырдария станциясы ашылғаннан кейін өткізу қабілеті тәулігіне 60 пойызға дейін жетеді", – деп уәде берді вице-министр.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау