Алматыдағы бұрынғы теміржол ауруханасын реконструкциялау бойынша кейбір жұмыстар жыл соңына дейін басталуы мүмкін. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Алмалы ауданының әкімі Арман Шамшин мәлімдеді.
Ол Абай даңғылы мен Масанчи көшесінің қиылысында орналасқан ғимаратта балаларға арналған реабилитациялық орталық ашу жоспарын растады. Арман Шамшиннің айтуынша, жобалау-металық құжаттама дайын болып, мемлекеттік сараптамадан өтті. Қыркүйек айында бюджетті нақтылау кезінде мәслихат реконструкцияға қаражат бөлуді қолдаған.
"Енді Құрылыс басқармасы конкурстық процедураларды өткізіп, мердігерді анықтауы тиіс. Белгілі бір жұмыстар осы жылы басталып, кейін де жалғасады деп ойлаймын", – деді Арман Шамшин.
Оқи отырыңыз: Интернеттегі контенттің қанша пайызын жасанды интеллект жазады
Аурухананы реконструкциялауды 2024 жылы бастау жоспарланған болатын. 2025 жылдың ақпан айында Алматының сол кездегі әкімі Ерболат Досаев мерзімнің шегерілуін мердігер әзірлеген құжаттаманың сараптамадан теріс қорытынды алуымен түсіндірген еді. Ал осы жылдың шілде айында прокуратураның талап-арызы бойынша аурухана ғимараты мен екі жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды.