Жыл басталғалы мемлекеттік еңбек инспекторлары 55,1 мыңнан астам жұмыскердің еңбек құқықтарын қорғады, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.
Министрлік ұсынған деректерге сәйкес, 2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша республика бойынша 494 кәсіпорында жалақы қарызы жинақталған. Бұл кәсіпорындар 10,4 мыңнан астам жұмыскерге жалпы сомасы 2,6 млрд теңге берешек болған.
Тексерулер барысында еңбек заңнамасының сақталуына қатысты шамамен 8 мыңға жуық бұзушылық анықталды.
Оқи отырыңыз: 2026 жылы зейнетақы, жәрдемақы және әлеуметтік төлемдер қалай өзгереді
Министрлік мәліметінше, заңбұзушылық тіркелген ұйымдардың басшыларына:
- 3 781 орындауға міндетті ұйғарым берілді,
- 470,7 млн теңгеден астам айыппұл салынды.
Еңбек инспекторлары қабылдаған шаралардың нәтижесінде, оның ішінде жалақы берешегін өтеу кестелерін қатаң белгілеу арқылы 10,1 мың жұмыскердің құқығы қорғалып, оларға 2,2 млрд теңге төленді.
Ведомство еңбек заңнамасының сақталуына қатысты мемлекеттік бақылау ерекше назарда екенін атап өтті.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда орташа жалақы 429 мың теңгеден асты. Қай өңірлерде жалақы ең көп өсті
2025 жылғы 1 желтоқсандағы дерек бойынша еңбек инспекторлары 5 886 тексеру жүргізген, олардың барысында 7 902 бұзушылық анықталған. Соның ішінде:
- еңбек саласында – 6 362,
- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 1 495,
- халықты жұмыспен қамту бойынша – 45 бұзушылық тіркелген.
Барлық қабылданған шаралар нәтижесінде 45 мың жұмыскердің еңбек құқықтары қалпына келтірілді.
USD:
513.7 / 516.7
EUR:
594.5 / 599.5
RUB:
6.53 / 6.65