Пәкістан 2070 жылға қарай мұсылмандар ең көп тұратын елге айналуы мүмкін

2070 жылы мұсылмандары ең көп ел Пәкістан болады. Фото: depositphotos.com
2070 жылы мұсылмандары ең көп ел Пәкістан болады. Фото: depositphotos.com
Қазір мұсылмандар саны бойынша Индонезия бірінші орында тұр.

2070 жылға қарай әлемде мұсылмандар саны ең көп ел Индонезия емес, Пәкістан болады. Pew Research Center зерттеу орталығының болжамынша, алдағы онжылдықтарда Пәкістан мұсылмандарының саны Индонезиядан асып түседі.

Зерттеу мәліметінше, қазір мұсылмандар саны бойынша Индонезия бірінші орында тұр. Алайда демографиялық үрдістер сақталса, 2070 жылы Пәкістан бұл көрсеткіш бойынша көш бастайды. Одан кейін Үндістан, Нигерия және Индонезия орналасады.

Pew Research Center болжамында мұсылмандар санының өсуіне бірнеше фактор әсер ететіні айтылған. Олардың қатарында халықтың жас құрамы, туу көрсеткіші, өлім-жітім және көші-қон үрдістері бар.

Зерттеу авторларының есебінше, 2020-2070 жылдар аралығында әлемдегі мұсылмандар саны 80 пайызға өсіп, 3,6 миллиардтан асады. Бұл өсім әлем халқының жалпы өсімінен әлдеқайда жоғары. Мұсылмандардың туу көрсеткіші де басқа негізгі діни топтармен салыстырғанда жоғары: 2020-2025 жылдары бір әйелге шаққанда орта есеппен 3,1 баладан келген.

Зерттеу 201 ел мен аумақты қамтиды. Болжамдар 2020 жылғы демографиялық көрсеткіштерге негізделіп, қазіргі үрдістер алдағы жылдары да жалғасады деген шартпен жасалған.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау