Алматыда жедел жәрдем мамандары енді шақыртуларды бейнетаспаға түсіреді

Бейнежетон. Фото: Алматы әкімдігі
Бейнежетон. Фото: Алматы әкімдігі
Алматыда жедел жәрдем қызметкерлеріне 468 бейнежетон берілді.

Алматыда жедел жәрдем қызметкерлеріне 468 смарт-бейнежетон таратылды. Жаңа құрылғылар медицина мамандарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және олардың құқықтарын қорғауға көмектеседі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Бейнежетондар шақырту кезінде болған жағдайды жазып алады. Қызметкерлерге қауіп төнген жағдайда құрылғы арқылы дабыл сигналын жіберуге болады.

Министрліктің мәліметінше, 468 құрылғының 378-і жедел медициналық жәрдемнің көшпелі бригадаларына, қалған 90-ы алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарының мобильді бригадаларына берілген. Смарт-бейнежетондардағы жазбалар бір ай бойы сақталады. Ал тергеп-тексеру үшін қажет материалдарды екі жылға дейін сақтау мүмкіндігі қарастырылған.

Биыл жедел жәрдем қызметкерлеріне 11 рет шабуыл жасалған

Алматының жедел медициналық жәрдем қызметі күн сайын шамамен 3-3,5 мың шақыртуға барады. Қала тұрғындары мен қонақтарына шұғыл көмек көрсету үшін 196 көшпелі бригада жұмыс істейді.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, биыл жедел жәрдем қызметкерлеріне 11 рет шабуыл жасалған. Жаңа бейнежетондар осындай жағдайларда медицина мамандарының қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.

Айта кетейік, Алматыда 23 қарашадан бастап Алма-Арасан көшесінің экологиялық бекеттен "Нұрбота" дүкеніне дейінгі бөлігі бір айға уақытша жабылады. Шектеу тау беткейіндегі қауіпті тастарды түсіру және оны нығайту жұмыстарына байланысты енгізіледі.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау