Қазақстан Республикасына көшіп келуді жоспарлап жүрген этникалық қазақтар үшін елімізге қоныс аударудың ресми тәртібі мен маңызды талаптары айқындалды. Көші-қон саласындағы соңғы өзгерістерге сәйкес, қоныс аударушылар белгіленген ережелерді қатаң сақтауы тиіс. Осы орайда "Отандастар" қорының өкілі басты ережелерді түсіндірді.
Қоныс аударатын аймақты дұрыс таңдау
Ең алдымен, атамекенге тұрақты тұруға көшіп келу алдында қоныс аударатын елдімекенді дұрыс таңдап алу қажет. Өйткені, тұрақты тұруға рұқсат алу, қандас мәртебесін рәсімдеу және өңірлік квота тек басымдыққа ие мына жеті өңірде ғана жүргізіледі: Ақмола облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Қостанай облысы, Павлодар облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Абай облысы, Ұлытау облысы.
Цифрлық бағалаудан өту шарттары
Тиісті аймақ таңдалғаннан кейін цифрлық бағалаудан өту талап етіледі. Бұл ретте келесі екі маңызды қадамды орындау қажет:
- онлайн режимде тестілеу: Test-center.kz сайтында қазақ тілін білу деңгейін анықтайтын тест тапсырып, кемінде 70% дұрыс жауап беріп, сертификат алу қажет.
- сауалнама толтыру: "Migration.enbek.kz" порталында тіркеліп, сауалнама толтырылады. Бұл жерде біліміңіз, жұмыс тәжірибеңіз, кәсіби дағдыларыңыз, тілдерді меңгеру деңгейіңіз, денсаулық жағдайыңыз және отбасы құрамы туралы мәліметтер көрсетілуі тиіс. Осы деректер негізінде баллдық бағалау жүргізіліп, кемінде 600 балл жинау міндетті.
Құқықтық мәртебе және келіссөздер
Тұрақты тұруға ниет білдірген өңірдің әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органы өтінішті қарап, ұстанымын білдіреді. Осы келісім нәтижесімен сізге Қазақстан Республикасына көшіп келу құқығы туралы хабарлама жолданады.
Хабарлама алғаннан кейін тұрақты тұруға рұқсат алу үшін тиісті құжаттарды тұрғылықты жеріңіз бойынша азаматтарға арналған "Үкімет өкіметі" корпорациясының филиалдарына немесе Цифрлық үкімет порталы арқылы тапсыра аласыз. Құжаттарды тапсыру кезінде мына мүмкіндіктер қарастырылған.
Тұрақты тұруға рұқсат алу үшін қажетті құжаттарды тұрғылықты жеріңіз бойынша азаматтарға арналған "Үкімет үшін" мемлекеттік корпорациясының филиалдарына тапсыра аласыз.
Оқи отырыңыз: Қазақстандық Qajet такси сервисіне отандық цифрлық карталар енгізілуі мүмкін
Мigration.enbek.kz бірыңғай көші-қон қызметтері және "Электрондық үкімет" веб-порталдары арқылы да онлайн түрде жолдауға болады.
Айта кетейік, тұрақты тұруға рұқсат 10 жылға (шетелдік паспорттың қолданылу мерзіміне дейін) және қандас мәртебесі 5 жылға беріледі.
Қажет құжаттар тізімі
Қазақстанға көшіп келер алдында өзіңізбен бірге келесі құжаттарды түгел дайындап келген жөн:
- сотталмағаны туралы анықтама;
- паспортта немесе ту туралы куәлікте ұлты көрсетілмеген жағдайда ұлтын растайтын ресми анықтама;
- елден шығу, кету парағы;
- Моңғолия, Қытай және басқа да шетел елдерінен алынған құжаттар міндетті түрде апостильденген болуы тиіс.
Сонымен қатар, тұрақты тұруға және қандас мәртебесіне өтініш берген кезде төлем қабілеттілігін растайтын құжат ұсыну міндеттеледі. Өтініш қарау барысында банк шотында кемінде 1320 айлық есептік көрсеткіш көлемінде қаражат болуы және оны 5 жыл бойы жыл сайын растап отыру талап етіледі. Барлық қажетті құжаттарды алдын ала дайындап, барлық кезеңдерден рет-ретімен өту маңызды. Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, үміткерлер Ақпаратты қолдау орталығының байланыс нөмірлері арқылы хабарласа алады.
Қандастар мен тұрақты тұруға рұқсат алатындар ҚАЗТЕСТ тапсырады
Қандастар жоғары оқу орнының дайындық бөлімінде тегін оқи алады. Ол үшін не істеу қажет